Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Хан жазасы

1 мин оқу

Бір күні Қожа ханның үстіне кіріп барады. Хан біреуді тергеп, кінәлап, жазалағалы отыр екен. Қожа әңгімені тыңдап біраз отырады. Хан жендетіне:

– Мынаның басын ал! - деп бұйырады. Жендет отырған адамды сүйрей жөнеледі.

Қожаның дәті шыдамай ханнан:

– Тақсыр, бұл адамның жазығы не? - деп сұрайды.

– Айыбы үлкен, кешірілмейтін айып!

– Сонда қандай?

– Мен бұған бір жасырын сыр айтқан едім. Соны бұл басқаға айтып, жариялап жіберді.

– Сыр шашқан адамның жазасы өлім бе?

– Иә, өлім!

– Олай болса, хан ием, алдымен сізді өлтіру керек.

– Неге?

– Сырды алдымен сіз оған өзіңіз шаштыңыз ғой...

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз