Ұрылар
1 мин оқу
Бір күні түнде Қожаның үйіне ұры түседі. Ұры бірнеше кісі болып ат-арбамен келген екен. Ұрылар Қожаның үй жиһаздарын біртіндеп далаға шығарып, арбаға тией бастайды.
Осы кезде Қожа оянып кетеді. Сөйтеді де, үн-түн жоқ, ол да ұрылармен бірге үйдегі заттарды далаға шығара береді. Ұрылар аң-таң болып:
– Е, Қожа, мұның не? - деп сұрайды. Сонда Қожа:
– Е,біздің үй көшіп жатқан жоқ па? Жиһаздарымды тек сендерге ғана тасытқаным ұят емес пе? Өзім де қолғабыс тигізейін, - депті.