Жердің кіндігі қайда?
1 мин оқу
– Қожеке, сіз айтыңызшы, жердің кіндігі қайда? - деп сұрайды біреу Қожанасырдан.
– Жердің кіндігі менің есегімнің мінер жақтағы алдыңғы аяғының астында, - деп жауап береді оған Қожа.
– Оны қалай білдіңіз?
– Өлшеп білдім. Маған сенбесең, өзің өлшеп көр.