Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қожанасырдың шаш алғаны

1 мин оқу

Қожанасырдың үйіне бір күні көршісі келіп: «Қожеке, шашымды алып бере қойшы», - депті. Қожанасыр «құп» деп, шаш алатын ұстарасын ала сала, шашын сыпыра бастапты. Ұстарасы өтіңкіремей, көршісінің басын ауырта бастапты. Басының ауырғанына шыдай-шыдай, ақыры шыдамы кеткен көршісі: «Қожеке, ұстараңды қайрап ал, өтіңкіремейтін көрінеді»,

- депті. Қожанасыр: «Құп», - деп, жалма-жан қайрап алып, ісіне қайта кіріскенде, ұстарасының өткірлігі сондай болыпты, тіпті қолы билей алмай, басының әр жерін тіліп ала беріпті.

Басы мең-зең болып ауырған бишара көр
шісі: «Бұл мәжнүнге қайдан келдім», - деп ойлапты да, «Қожеке, басымның сау жерін қалдырмай кескіледің, енді құлағымды байқай көр», - депті, құлақ-шекесінің шашын ала бастаған кезде. Қожанасыр: «Е, құлақ деген оңай ғой, бастай емес», - деп құлағының бір-екі жерін тіліп жіберіпті. Бишара көршісі: «Ойбай, Қожеке, бұның не?» - деп шыр ете түсіпті. Қожанасыр: «Е, өзің айтқан жоқсың ба, «басымды кескіледің, енді құлағымды» деп», - депті саспастан. Көршісі: «Ойбай-ау, ол сөзім құлағымды кесіп алып жүрме, басыма ұқсатып дегенім ғой», - депті. Қожанасыр: «Е... енді түсіндім, манадан солай демейсің бе, онда мына сау құлағынды да кесіп алып жүрермін, одан да қолыңа ұстап отыр», - деп құлағын кесіп алып, қолына «мә» деп ұстата қойыпты.

Сөйтіп, бишара көршісі, «шаш алдырам» деп құлағынан айырылып, шұнтиып үйіне қайтыпты.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз