Дауасы жеңіл
1 мин оқу
Біреу келіп, Қожаға өзінің бірдеңеге налып жүргенін баяндайды:
– Осыдан жүрегім нақ тышқан кеміріп жатқан тәрізді болып жүр. Не дауа істерімді білмеймін! - деп зарлайды.
– Мұның дауасы жеңіл. Бір мысық тауып ал да, соны жұтып жібер, - дейді Қожанасыр.