Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ұрылар ұрламасын деп

1 мин оқу

Қонақтан қайтып келе жатқан ауыл ақсақалы демалмақ болып арық жиегіне қисая кетеді. Аздан соң қор етіп ұйқыға кетеді. Жақын арадан Қожанасыр өтеді. Ақсақалдың шырт ұйқыда жатқанын көрген Әпенді оның шапанын, етігін, тамағын алып кетеді.

Бірнеше күн өткен соң, ақсақал өзінің киімдерін Әпендінің үйінен көріп:

Әпенді, менің киімімді ұрлауға, мені жалаңаш тастап кетуге қалай дәтіңіз барды?—дейді бұрқылдап.

—Сіз босқа ашуланасыз,—депті сонда Әпенді.—Сіз қатты ұйқыда жаттыңыз. Мен біреу-міреу ұрлап кетпссін деп алып кеттім ғой.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз