Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қашып құтыла алмаймын

1 мин оқу

Қожанасыр көршінің үйінен бірнеше пияз ұрламақшы болып шатырға шығады, үй ішіне түтін шығатын тесіктен түспек болады. Айлы түн. Қожа айдың сәулесінен түскен көлеңкені белағаш деп басып калғанда, түтін шығатын тесікке гүрс етіп құлайды. Ошақтың бір шетіне соғылып аяғы сынады. Тасыртұсырды естіген қожайын әйеліне «шамды әкел» деп, өзі ұрының үстіне жата кетеді.

—Асықпа, көрші,—депті сонда Қожа.—Мен онсыз да оңбай құладым, сен енді мені бұл жерден бүгін емес, ертең келсең де, ұстайсың, менде қашатындай хал-қауқар жоқ.

Қожанасыр хикаялары

Барлығы: 266 хикая

Тағы оқыңыз