Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Қамыстың басы майда, түбі сайда...»

Тәтіқара ақын · 60 жол

Қамыстың басы майда, түбі сайда,
Жәнібек Шақшақұлы – болат найза!
Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда,
Ер жігіттің ерлігі осындайда.

Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы,
Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы!
Өзге батыр қайтса да, бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт Уақтағы!

Ағашта, биікті айтсаң, қарағайды айт,
Жігітті, ерлікті айтсаң, Бөгенбайды айт!
Найзасының ұшына жау мінгізген –
Еменәлі Керейде ер Жабайды айт!

Кебеже қарын, кең құрсақ,
Артық туған Абылай,
Көтере көр бұл істі.
Көп қытайдың жылқысы
Тұрымтайдай құнысты.
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Ер Абылай қорыққан жоқ,
Әншейін еңкейе бере жылысты.
Бәсентиін Сырымбет
Оқ жіберіп ұрысты.
Ақыл қалмас қашқанда,
Дегбір қалмас сасқанда.
Баяндай ерді көрмессің,
Бұрылып жауды шанышқанда!..

Кеше тоқыраулы судың бойынан,
Тоқал терек түбінен,
Ніл дарияның басынан,
Құмкент шәрінің қасынан,
Перінің қызы перизаттан туған,
Қара мерген атасы,
Сөзімнің жоқ қатасы,
Кеше бұл тұрымтайдай ұл еді-ау,
Түркістанда тұр еді-ау,
Кызметші боп жүр еді-ау,
Үйсін Төле билердің
Түйесін баққан теріс аяқ құл еді-ау!
Дәл жиырмаға келгенде
Ақ сұңқар құстай түледі,
Азуын тасқа біледі,
Дұшпанға найза тіреді.
Үш жүздің сонда баласы
Ақылдасып, кеңесіп,
Хан көтеріп еді!
Үш жүздің баласын
Бір баласындай көрмеді.
Ат құйрығын сүзіңдер,
Аллалап атқа мініңдер,
Ханталау қылып алыңдар!

Ассалаумағалейкүм, жайсаңдар мен қасқалар,
Адам көңлін жоқтық шіркін баспалар.
Түзде жүрсем – батырмын,
Үйге келсем – пақырмын.
Танертеңгі ішкен шалап
Қарында емес, қуықта,
Ажал шіркін алыста емес, жуықта.
Түссеңдер – міне қара лашық
Түспесеңдер – жолың ашық!..

Жыраулар поэзиясы

Барлық 69 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері