Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бәкеге

Үмбетей жырау · 29 жол

Дін пұсырман баласы
Адамдықтан жерімес.
Тіл пұсырман, қарашы,
Арамдықтан шегінбес.
Дәніккесін бұл шіркін,
Адал бір дәм жегізбес!

Жатқан жері даладай,
Екі өркеші баладай,
Азу тісі қаладай,
Жабуы жамшыдай,
Құйрығы қамшыдай
Бура сойған не сұмдық!

Тоқымы кеппей топтанып,
Ел тонауға аттанып,
Жылқышысын дойырлап,
Жылқыларын сойылдап,
Көрші жұртты шулатып,
Жаудай шапқан не сұмдық!

Қарап жатқан жыланның
Құйрығын неге басасың,
Шағайын деп шапшыса,
Шоршып неге қашасың?

Үмбетей Тілеуұлы

Ұл он беске келгенше –
Қолға ұстаған қобызың.
Ұл он бестен асқан соң,
Тіл алмаса – доңызың.
Не бетіңмен қорғайсың
Жауқашардың тоғызын?!

Жыраулар поэзиясы

Барлық 69 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері