Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Бәрің дағы тыңдаңдар

Қабан Асанұлы · 16 жол

Сөйлейін сөз келгенде ауызыма,
Елек қойып бола ма ел аузына?
Болыңдар тіршілікте тату-тәтті,
Бір күні барамыз ғой көр аузына.
Дүниеде ешбір қатер жуымайды,
Әркім ие боп жүрсе өз аузына.
Басына бәле адамның тілден болар,
Сол тілден ұрынады сөз дауына.
Әр адам өз аузына ие болса,
Қызырдың жолығады қорғауына.
Кейбіреу айтар сөзін біле алмайды,
Түседі сол сөзінің торлауына.
Қонбаса кей адамға бақыт құсы,
Құр тілдің бола ма екен зорлауына?
Адамға әдейілеп ажал келсе,
Қарамас аттаны мен ойбайына.

Жыраулар поэзиясы

Барлық 69 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері