Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әділдік керек халыққа (1-бөлім)

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 177 жол

Қолына қылыш ұстаған,
Ақыл-ойы қысқадан.
Қазақты қорлап жақтырмай,
Қылышымен нұсқаған.

Кедейді көрсе керіліп,
Сөйлесуге ерініп.
Сендерге ермек болуға,
Жүргенім жоқ зерігіп.

Базарға келсем тиын жоқ,
Киетұғын киім жоқ,
Кісі өлтіргіш ұрыға
Ұлықтан да тыйым жоқ.

Байдың бабын таппаған,
Ұлыққа сөзім жақпаған.
Жалған ақын мен емес,
«Жазықсыз төре» сен емес.

Жарлы-кедей халықты
Жамбыл осы жақтаған.

Шаруаның күйі жоқ,
Кіруге бүтін үйі жоқ.

Егін салар жері жоқ,
Сөзін сөйлер ері жоқ.
Қолына егер жер тисе,
Байлардан оның кемі жоқ.

Жарлы-кедей жасының,
Күйі жоқ бір басының.
Қадірлемей ұлық жүр
Халықтың нелер асылын.

Байдың орып астығын,
Таба алмай əділ бастығын.
Ақыны байдан ала алмай,
Сорлы кедей, жасыдың.

Байдың малын бағасың,
Күз пішенін шабасың.
Қолына түсіп қалған соң,
Еңбекті қайдан аласың?!

Жарлыны бай жалмасын,
Ұмытқан соң тəубе Алласын.
Ұлықтан сол тілегім:
Анық шындық жүрегім,
Нашарға салық салмасын.

Сарнасын, ақын сарнасын,
Төреге сөзін арнасын.
Тыңдамаса ол төре,
Халық тыңдар жалғасын.
Жарлыға қорлық көрсетіп,
Əуреге бай салмасын.

Ағылсын жырым бұлақтай,
Төгілсін сырым құрақтай.
Болыс-төре жүрген жоқ,
Халықты қорлап, жылатпай.
Шабарманы шаптығып,
Барады елді шыдатпай.
Болыс-төре, билерді
Кедейлер отыр ұнатпай.
Жаз жатақта қалдырып,
Салыққа малын алдырып,
Кедейлерге теңдік бер,
Қысы-жазы шулатпай!

Халықтың сырын терейін,
Қалықтап ұшып көрейін.
Шындықты айтқан Жамбылды,
Төрелер кетті ұнатпай.

Сонда төрелер Жамбылды жаратпай, Қисыбайға ала
көздерімен қарап, базардан сырғып кеткен екен. Халық
«тара» деген ұлық сөзін тыңдамай, Жамбылды қоршап,
«айта беріңіз» деп тұрып алыпты. Қызып алған Жам-
был халықтың қызығып, сүйсіне тыңдағанына өршелене
түседі. Домбырасын шертіп, өлеңді ілгері қарай өршіте
береді:

Төгейін жырды халқыма,
Халық тыңдап сөзіңді,
Жақсы көрсе өзіңді,
Тартынба, Жамбыл, тартынба!

Бұлбұлдайын сайрайын,
Жігерімді қайрайын.
Сəулемді елге түсіріп
Аспандағы айдайын!
Тас бұршақтай ұшырып,

Екпіні күшті сөз дайын.
Жиналып халық тұрғанда,
Тыңдауға көңіл бұрғанда,
Сөз дариясын қозғайын.
Толқыны кетсін серпіліп,
Тоқталмасын іркіліп.

Болыс елді аралап,
Жарлыны шауып, жаралап,
Сөзін сөйлеп малдының,
Көзін ойып жарлының,
Ас берсе бай саралап.

Иттей көрдім төрені,
Тамаққа тойса үретін.
Халықтың ақын перзенті
Ақтарып сырды беретін.
Жүйріктің ақын өрені
Бəйгеде жауырын керетін.
Айтқандары өтірік
Ұлыққа кім бар сенетін.
Сыздауық жара секілді,
Денені сыздап керетін.
Жамбыл ақын сөйлесе,
Жарасы қалар жарылып,
Ел аңғарып көретін.

Қызыл тілім, іркілме,
Шер-құмардан шығайын,
Құмармын жастан шіркінге,
Неден қорқып бұғайын.
Шерімді айтсам арылтып,
Түзелер тасып шырайым!
Іштегі өрт-жалынды,
Жасырып кімнен тығайын.

Күннен күнге күшейсе,
Ақтармай қалай шыдайын.

Тыңдасын халқым құлақ сап,
Біраз сөйлеп көрейін.
Халықтан аяп қайтемін,
Алланың берген көмейін.

Жамбыл көрді жасында,
Шабындыны, шаңдарды.
Біреуді біреу талаған,
Жыртқыштықты, заңдарды.
Халықты асқан дараға,
Сатылып тамақ, параға,
Көрдім сондай хандарды.
Жүрсе де халық ашынып,
Осыны қашан аңғарды?
Көрсеткендер қарсылық,
Қайыршылап сандалды.
Сандалдырып малды алды,
Малды алмады жанды алды,
Жарлының батып жанына,
Сермеген ханның қылышы,
Бітіп тірлік тынысы,
Ханның қолы қандалды.

Түн қараңғы дүниенің
Ататұғын таңы бар.
Қараңғының шырағы –
Жанатұғын шамы бар.
Дүниенің тұрағы –
Тағдырдың өлшеу сынағы,
Өркендейтін заңы бар.

Бақшалы сарай бағында,
Əділетті шағында,

Салтанат құрған халыққа,
Шындық пенен аныққа,
Сайрайтын бұлбұл табылар.
Бақыты үшін заманның,
Халықтың сүйген ақыны,
Бұлбұл болып танылар.
Базарға келсем ақшам жоқ,
Сүйікті қонар бақшам жоқ.
Сорлы кедей шаруаның,
Қайырлы таңы атқан жоқ.
Қаралы елдің халқына,
Дұрыстықты айтқан жоқ.

Хан-төрелер алдаса,
Би-болыстар арбаса,
Шаққыш жылан уытты,
Халықта шыр қалмаса.
Заманның айғақ ақыны,
Кім айтар Жамбыл болмаса?!
Сөз тыңдар заман кез болса,
Зарықтырмай тез болса,
Жамбыл куə емес пе?!
Сөзімді халқым тыңдаса,
Ақындар жаттап сарнаса.
Жырыма үлес жыр қосып,
Жамбылға да арнаса.

Қисық жол тура шабылса,
Елден қырсық арылса.
Жамбылдың жыры тасқындап,
Селдей болып ағылса!
Алым-салық жинаған,
Жарлыны жаныштап қинаған,
Дұшпанға құрық салынса.
Елдігі кетіп барады,
Хан жайлаған қазақтың,

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 94 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері