Қалиға
Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 23 жол
Ей, Ордабай ұлы Қалиым!
Үстіңде тұр ақ үйің.
Қасыңда тұр қара үйің.
Атағыңды білемін,
Сыртыңнан-ақ танимын.
Атан сұрап, ат сұрап,
Деп келгем жоқ жариын,
Байдабектің бірі едің,
Сары бəйбіше ұлы едің.
Сартауқұмды мекендеп
Баяғыдан жүр едің.
Сахарада қонысың,
Малға толы өрісің.
Сойылыңды соғып тұр
Ұлығың мен болысың.
Біздей жаһанкезбені
Қомытсынсаң қомытсын.
Бірақ айтып кетейін,
Жүзім қайтып көрген жоқ,
Сенен қорқып нетейін.
Күле-күле жүрсін ел,
Менменсіген бейліңді
Елге жайып өтейін.