Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Абышқа

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 17 жол

Мəмбетəлі ауылында,
Атандым мен абышқа*,
Абышқа деп мына қыз,
Тиіп кетті намысқа.
Абышқаның сақалы,
Əлде бұған таныс па?
Абышқаны байқасам,
Емес екен алыста.
Абышқа ма, қарашы,
Біздің əсем дауысқа,
Ұзақ таңға қарлықпас,
Ұлы дүбір шабыста.
Айтқан сөзім шет болса,
Сынатайық қалысқа.
Не болмаса жөнде өзің,
Тұлғаң түзу жан екен,
Түсінетін əр нұсқа…

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 96 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері