Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

«Қалмақтан қиын болды да...»

Сарышолақ Боранұлы · 29 жол

Қалмақтан қиын болды да
Орыстың салған ойраны,
Біз секілді сорлыға

Батып жүр қылған сайраны.
Жайлауда сән жоқ бұрынғы,
Бір үрей билеп қырынды.
Болыстықты шен көріп,
Бүлінді ерлер, бүлінді.
Мезгілсіз соққан зауалдан
Талай да қыршын жұлынды.
Алшаң басып жүргендер
Мылтықты көрсе, бұғынды.
Атжақты менен Жайынды,
Ұлы Ырғыз бен Қайыңды,
Ұлы Борсық, Біршоғыр,
Тобылғылы сайыңды
Орыс еркін жайылды.
Қылп еткенге – түрмесі,
Шынжырлы бұғау сіргесі.
Шен үшін талас елімде,
Бүлінді елдің іргесі.
Ояз салып ойранды,
Халқыма қылды дегенін,
Қол болып толқи бірікті
Әлімдей менің көп елім!
Күнде жасып жүргенше,
Көздегі шерлі жас кепсін,
Құлдықпен өмір сүргенше,
Қанжығада бас кетсін!..

Сарышолақ Боранұлы өлеңдері

Барлық 9 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері