Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Елім-ай

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 24 жол

Ем таба алмай дертіңе мен ертеден,
Сол бір қайғың өзегімді өртеген.
Тырп етпейсің бас көтеріп көрпеден,
Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай!

Вткен сағым, келер алдың бір мұнар,
Қызылшылсың қызарғанға тым құмар.
«Сақтан» деген сөзді жан жоқ шын ұғар,
Жемге шапқан, қармақ құрса, елім-ай!

Қандай едің, қара кейін қайырылып,
Қандай едің, тұрсың одан айырылып.
Мүгедек боп қос қанатың майырылып,
Вксіп жылап, өгей ұлша, елім-ай!

Мұны құр бос өлең десең, өзің біл.
Жұрт болмаймын, өлем десең, өзің біл.
Не болса да көнем десең, өзің біл,
Босағада жүрген құлша, елім-ай!

Түзелесің қашан, жұртым, оңалыпө
Тіл алмасаң, кетпеймісің жоғалыпө
Қайтер едің өткен дәурен оралып,
Жылы жүзбен мойнын бұрса, елім-ай!

Сол күніңді көрсем — менің арманым,
Жоқтамас ем өзге тілек қалғанын.
Сұм жүрегім селк етпейді жалғанын,
Бұл мінезің бойда тұрса, елім-ай!

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері