Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қажыған көңіл

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 28 жол

Жүйрік қиял дүниені кездіріп,
Туған ел мен өскен жерден бездіріп.
Қиын қиғаш қияларға жетектеп,
Сырын айтпай, жөнін қалай сездіріпө

Ере бердім мен артынан бір есер,
Қарсы келіп еркім бар ма тіресерө
Жел айдаған тұрағы жоқ қаңбақтай,
Ағынымды дедім дағы сай кесер.

Сай орнына душар болды терең жар,
Мезгіл жетпей шығу қиын, өзі тар.
Достың саны нөлге қалып азайды,
Бой балқытып кімді ерітер шыққан зар.

Көп құлағы мақтаменен тығулы,
Қасқыр қуып, үріккен қойдай ығулы.
«Құбыжық бар» десе қорыққан баладай,
Сужүрек боп сорлы қазақ бұғулы.

Жалыны ыстық жас ғұмырым шыдатпай,
Теріс істі пәк ұжданым ұнатпай.
Тоқтай алмай басым тасқа жеткенше,
Қарсы шауып, қайралған өткір болаттай.

Желігуден жел көңілім басылмай,
Білім артып, жемісі жұртқа шашылмай.
Ерте мен кеш тақылдатып қақсам да,
Әуре қылды бақ есігі ашылмай.

Жаудың бетін қажып тұрмыз бұра алмай,
Бұрмақ түгіл, шыдап қарсы тұра алмай.
Күннің көзін қара бұлт жасырып,
Күлімсіреп нұрын шашып шыға алмай...

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері