Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Айырылу

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 28 жол

Еріксіз айырғанда менен сені,
Тағдырдың қайтпақшы екен қанша кегіө
Мінезін құбылмалы рақымсыз
Басқасы көрсетуден бар ма, тегіө

Тасытып жүрек қанын, көздің жасын,
Сағынтып зарықтырсын, аямасын.
Ләззат қайғымыздан алар қаншаө
Жалғыз-ақ біздің тілек — соны аңғарсын.

Жылама, жасыңды сүрт көзден, достым,
Басқадан бір мен үшін безген достым.
Себебі айырылудың емес бізден,
Екенін жауыз жазмыш сезген, достым.

Деміндей түнгі желдің аңқып ескен:
«Мен кеттім, жолыққанша сау бол», — дескен.
Сол сөзің жүрегімнің түкпірінде,
Кеудемде жаным барда шығар ма естенө

Дариға, тірі кетпей, өлі айырылсаң,
Топырақ дұға қылып қолдан салсам.
Жамылып салқын қабір жатқан достың
Үстіне көзім жасы бір-бір тамсаң.

Жүректің қасіретін жаспен жуып,
Келмесін жаным сезіп қайтып жуық.
Рақат рухына тілеп хақтан
Қош айтып кетпес пе едім көңілім суып.

Нұрыңа күллі ғалам шомылғандай,
Жаныңа жан жанаспай қорынғандай.
Жұлдызды жылы кеште айырылысып,
Айтып кет, жүріп кеткен жолың қандайө

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері