Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мұң

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 24 жол

Сенімсіз басым, пайдасыз жасым арманда,
Жетермісің тілегіңе жалғандаө
Қан тамшылап тұрса да көзден жас ағып,
«Сенікі жөн» деп құлаққа ілген жан бар маө

Елең етер намысқа қызып жігіт аз,
Бұл не ғажап — жұрт керең боп қалған баө
Мен не болсам, болайын саған садақа,
Сүйікті жұртым, қақпанға түсіп алданба!

Сырты тұнық, іші ылай жауың бар —
Жаны ашитын жақын сол деп малданба.
Жұрттығыңды жоғалтпай әлден, басың қос,
Озу қиын көмбе жерге барғанда.

Бола берме, жазған қазақ, жасқаншақ,
Күнің жетті мұңыңды шағып зарларға.
Ақсақалдар көсемдік қылса, ел бастап,
Ер артынан, жас азамат, арланба!

Шаш өсірген орысша оқып, жас жандар,
Жолды көрсет адасқан елге, паңданба.
Жұрт пайдасы деген жолдан тартынбай,
Дәулетіңмен жәрдем тигіз, байлар да.

Шариғат сатып мал жиғанға салынбай,
Ағарт жұртты, молдекелер, қамдан да.
Сен де қысқарт ақынсымай сөзіңді,
Сырың мағлұм, жат тынышыңа жайлан да.

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері