«Айналайын, Ғалия, сен бір тоты...»
Балуан Шолақ · 1864–1919 · 12 жол
Айналайын, Ғалия, сен бір тоты
Осы күнде келмей тұр көңіл хоты.
Ғашық болып қосылған, Ғалияжан,
Көрсетпейді қорған боп өгіз соты.
Айналайын, Ғалия, сен бір тоты,
Енді айтпасам, келмейді көңіл хоты.
Сен есіме түскенде, Ғалияжан,
Бит шаққандай болмайды өгіз соты.
Мынау дүние, қай дүние, күлкі дүние,
Таудан қашқан сылаңдап түлкі дүние.
Сексен сұлу сылаңдап тұрса-дағы,
Ғалияның алмаймын кірпігіне.