«Жасболат, кісі-ақ едің алшақтаған...»
Әсет Найманбайұлы · 1867–1923 · 8 жол
Жасболат, кісі-ақ едің алшақтаған,
Бұл күнде борсық болдың ін сақтаған.
Жерінен ауып келген он екі бай,
Сай-сайдың саласында жан сақтаған.
Асуға ат шықпайтын арба шығар,
Қыранды қанды балақ қарға жығар.
Бұрынғы қопа бұзған қабыландар,
Қорғалап қоян көрсе шөпке бұғар.