Кәріпке айтқаны
Әсет Найманбайұлы · 1867–1923 · 8 жол
Күнқақты сұр шолақсың шыр бітпеген,
Кісідей өрт өшірген түр бітпеген.
Араққа апиынды езіп ішіп,
Бір қусың мал-басыңды өрбітпеген.
Асаудай аптық басып арындайсың,
Құр сөзге құнары жоқ жалындайсың.
Терідей шыбын жаққан жылп-жылп етіп,
Шіркін-ай, қойған жерден табылмайсың.