Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Оқымысты

1 мин оқу

Хат танымайтын бөспе біреу өзін оқымысты көрсету үшін жүктің үстінде тұрған газетті ала салып, аударып-төңкеріп қарапты да:

—Па, болатын жерінде болып жатыр екен ғой!—депті. Сонда қасында отырған бала:

—Ой, аға, әкем газеттің мына үлкен жазуы бар жағын жоғары қаратып оқушы еді, сіз төмен қаратып оқығаныңыз қалай?—дегенде:

—Қарағым-ау, білген адамға бас-аяғы бірдей емес пе,—депті шімірікпестен.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз