Қиқар бала
1 мин оқу
Баяғыда бір бала қозы бағып келе жатса, оған бір шал кездеседі.
—Балам, қозы кімдікі?
Бала:
—Ата, қозы қойдікі,—дейді. Шал ренжіп:
—Өспепсің!—дейді. Сонда бала:
—Ий, әкем орта бойлы, дембелше боласың деуші еді,— депті.
Шал тағы бірде қиқар балаға жолығып қалып:
—Шырағым, лақ жоғалтып, іздеп келем, көзіңе түспеді ме?—дейді.
Бала:
—Көзім түссе қарай ғой,—деп шалға жақын келіп, көзін ашып көрсетеді.