Қанды ағаш
1 мин оқу
Алтайдағы өтірікші Құрманғали әрі жалқау тілазар екен. Бір күні жағарға жарты бұрау отын қалмаған соң, әйелі бұлқан-талқан боп, орманға жұмсапты. Әлгі ғана кеткен күйеуі іле-шала атын ақ көбік қып, алақ-жұлақ етіп шауып келеді.
—Не болды, осыншама алқынып, абдырып?—дейді бәйбішесі.
—Қарағайға балтамды қадап кеп қалып ем, қып-қызыл қан бұрқ етіп, шапшыды дейсің. Зәрем зәр түбіне кетті,—дейді Құрманғали.