Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қорқақ батыр

1 мин оқу

Еңгезердей бір қарулы жігіт «батырмын» деп мақтанады екен. Бірақ өзі су жүрек қорқақ болса керек. Бір күні жасақты көп ұрылар байдың жылқысын ұрлап кетеді. Жылқыны ұраң айыруға ешкім шықпайды. Бай әлгі жігітке келіп жалынады. Батыр қатты сасады. Ақыры көніп «Мені жүйрік атқа мінгізіп, ерге мықтап таңып тастаңдар» дейді. Басы қатты жүйрік ат қиқу салып бара жатқан ұрыларға қарай шауып ала жөнеледі. Жауға жақындағанда жүрегі ұшып, не істерін білмеген жігіт шауып келе жатқан бойы жолда тұрған бір теректі қапсыра құшақтап, аттан түсіп қалмақ болады. Бірақ түбі шіріген терек қопарылып кетеді. Мұны көрген ұрыларда ес қалмай, айдап бара жатқан жылқыларын тастап, бет-бетіне қаша жөнеледі. Сөйтіп, қорқақтың «батыр» атағы арта түседі.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз