Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ұры

1 мин оқу

Есіл бойындағы екі көрші колхоздың председателі облыстағы мәжілістен қайтып келе жатып, жолда жайылып жүрген бір үйір жылқы көреді. Сонда әлгі жолаушының бірі:

—Мына колхоздың жылқышысы қайда? Үйірді неге еркін жіберген? Ұры-қары іліп кетпей ме?—дейді.

Сонда қасындағы жолдасы сөзге бөгелместен:

—Осы күнде бұрынғы жылқы ұрлаушының бәрі колхоздың бастығы боп алды емес пе? Жылқыға кім тисін?—дейді. Сөйтсе, қасындағы жолдасы ертеректе елдегі байлардың жылқысына қырғидай тиген кісі екен.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз