Жатқан қарын тек жатар
1 мин оқу
Үй иесі сараң екен. Келген қонаққа ас-дәм татқызбайды. Әңгіме айтып отыра береді. Кеш батып, түн болады. Қонақ қарны ашқанын сездіреді. Сонда сараң:
—Жатқан қарын тек жатар, енді ұзамай таң атар!—деп қонақты құр ауыз жатқызады.