Сізді алғалы келдік
1 мин оқу
Үйленбекші болып жүрген бір ұяң жігітті жеңгелері қыз көрсетуге алып барыпты. Жеңгесі жігітті қыздың қасына кіргізіп:
—Ал, қайным, қызбен өзің сөйлес,—деп шығып кетеді.
Жігіт пен қыз бір-біріне қарап көп отырады. Біраз уақыт өткен соң отырудан жалыққан қыз:
—Иә, келіңіздер, қандай шаруамен келдіңіздер?—дейді.
Сонда жігіт:
—Келдік. Сізді алғалы келдік,—деген екен.