Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр (7-бөлім)

Шора · Мұхамбетнәжіп Әлиакбарұлы нұсқасы · 1 мин оқу

Әлқисса, Шора батыр енді қайтып келе жатқанда алдынан бір адам келіп, ел-жұрты, мал-жандарының амандығын естіп, алдынан жолдасы Құлыншақ батырды жіберді. Құлыншақ батыр барып көрсе, Шораның отауынан түн уақытында бір жігіт келіп шығады. Құлыншақ мұны көріп көңіл соғысын күтіп, кері барып Шора батырға сөйлейді:

—Ай, батыр-ау, батыр-ау,
Біз кеткен соң ордаңыз
Құтсыз жерге қоныпты,
Көрінген адам толыпты.
Шырын[ның] ат басындай жүрегі
Мыстай болып солыпты.
Қалыңдығың сұлу Қарабек
Келмеске бізді жорыпты.
Ендігісін өзің білерсің,
Өзің ұйыған жүрекке
Бір құладын қоныпты.

Әлқисса, Шора батыр Құлыншақтан бұ хабарды естіп, қылышын суырып алып қайраттанып келе жатқанда қарындасы Шырын сұлу біліп, алдынан қарсы барып айтқан сөздері.

Сонда Шырын сөйлейді:
—Ай, жан аға, жан аға,
Тар құрсақта тебіскен,
Таласып емшек еміскен,
Жан аға жалғыз сен едің.
Баланы жаудан айырған,
Қатынды жаудан қайырған,
Бұрынғы хазіреті Ғалименен тең едің.
Хазіреті Ғали демей не дейін,
Тамағыңа күнінде тайлы бие жер едің.
Жеңешемде кінә жоқ,
Құлыншақтан болды ғапылдық.
Ағамнан қайрат кеткен соң,
Түнде жылқы бағамын,
Отауда жатып шыққан қарындасың
Шырын мен едім.

Әлқисса, Шораның қылышы енді ашуы келгеннен ұтыры қынына симайынша, астындағы Ақтанкер атын шауып өлтірді. Андан соң ашуы басылып, райынан қайтып, атасы һәм анасы, барша ел-жұрты есендесіп, барша мұратына уасыл болдылар. Тамат тамам.

Тағы оқыңыз