Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр (5-бөлім)

Шора · Мұхамбетнәжіп Әлиакбарұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Әлқисса, сонда зарланып қарындасы Шырын ағасы Шораға бір аз ғана сөйлейді:

—Ай, жан ағам, жан ағам,
Кімге тастап барасың
Қырым деген шаһарыңды,
Тоғай толған малыңды!?
Жүзі күндей балқыған /аңқыған/,
Иісі жұпар аңқыған,
Бұғағы судай толқыған,
Кімге тастап барасың,
Ақ некелі жарыңды?
Артыңда даулы қылып барасың,
Алты биді өлтіріп,
Ақташы деген ханыңды.
Ай, жан ағам, сенен қалмаймын,
Күндердің күні болғанда,
Басқа тарлық түскенде,
Өзімді-өзім бұғаздап,
Саған құрбан қылармын
Бір шыбындай жанымды.

Әлқисса, сонда қарындасы Шырынға Шора батыр назым айтқаны:

—Берген жанын өзі алар,
Бір жасаған Құдайым.
Мені жаудан өлер деп,
Ай, күнім, жеме уайым.
Қазыналы Қазанды
Кәпір алды дегенсін,
Анығын оның білгенсін,
Далада Шора болғанша,
Өзімді-өзім сынайын.
Қазанда бар-ды сендей арулар,
Аузы түкті сары орыс
Теңдіксіз жылатып жүрді ғой,
Өзім Шора болғансын
Оған бармай қайтіп тұрайын.

Әлқисса, сонда қарындасы Шырын бір аз ғана Шора батырға назым айтқаны:

—Қазанды орыс аралап,
Қол салып па байы менен биіне.
Есен барып, сау қайтсаң,
Тұлпарыңды тоқтай /тоқлы/ шаппағыл,
Түсіріп мін күйіне.
Жан ағам тірі жүргенде,
Аузы түкті сары орыс
Теңдіксіз қолы жетті деген не болар,
Біз пақырлардың етіне.
Сонда Шора сөйлейді:
—Аспандағы көп жұлдыз,
Аумайтұғын орнынан
Темірқазық сен едің.
Жер үстінде көп адам,
Табаны оның таймайтұғын
Арыстан туған мен едім.
Орнынан темірқазық аумаса,
Аспаннан тас бұршақтай жаумаса,
Тізгін тартып тоқтаман,
Ай, күнім, қош аман бол, жөнелдім.

Әлқисса, Шора менен Құлыншақ батыр Қазанға бара жатқанда ноғай елі ішінде ару Мақтым деген қыз Шораның Қазанға бара жатқанын есітіп, Шора батыр оның үйіне тура келіп, қыз жоғары шарлақтан подзорны тұрба илан Шора илан Құлыншақ батырды қарап тұрған екен. Шора жақын келген заман ару Мақтым біраз ғана назым айтқаны.

—Шора аттанып келеді,
Ақтанкері астында,
Құлыншақ батыр қасында.
Шора арыстан сол уақыт,
Тек он екі жасында.
Оқалы бөркі басында,
Ақ сұңқары қолында,
Орманбет бидің он сегіз мың ноғайы
Арыстан Шора батырдың
Жүре тұрған жолында.

Әлқисса, сонда тұрбаменен қараған Мақтым сұлу деген қыз Шора батырға қарап сөйлегені:

—Сымбатыңа қарасам,
Қара емессің, төресің.
Қара да болсаң, бола қал,
Қарадан артық туған данасың.
Оң қолыңа, шырағым,
Ақ сұңқардан құс алып,
Оқалы бөркің басыңда,
Арыстаным, жөнің айта кет,
Мен біліп бір қалайын,
Қай сапарға барасың?

Әлқисса, Шора батыр Мақтым сұлуға қарап, біраз ғана назым айтқаны:

—Төре емеспін қарамын,
Көкістің ұлы тамамын,
Тама ішінде шыбамын,
Нәріктің ұғлы Шорамын,
Мен Қазанға барамын.
Қазыналы Қазанды
Кәуір алды дегенге,
Қайрат ете барамын.

Мақтым сөйлейді:

Сонда Мақтым сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Шора батыр сенбісің,
Нәрік ұғлы сен болсаң,
Ноғайлының ішінде
Ару Мақтым мен едім.
Сен артық па, мен артық,
Иә болмаса, теңбісің.
Ай, батырым, арыстан,
Егер берсем қолымнан
Тәтті тағам жеймісің.
Қазыналы Қазанды
Сол кәуірден айырып,
Қайта бағыт қойғанда,
Алдымда сұлу Мақтым бар ма дермісің?

Тағы оқыңыз