Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса-и Нәріктің ұғлы Шора батыр (1-бөлім)

Шора · Мұхамбетнәжіп Әлиакбарұлы нұсқасы · 3 мин оқу

Хикаят Нәрік батыр өз жұртынан барып, Ақша ханға жолдас болып көп замандар жүрген еді. Бұ Нәрік Ақша ханға бек жағымды болып, көп заман Ақша ханның қолында белді тұрды. Бір күн Ақша хан өзі сапаршы жүрер уақыты болып, Нәрікке өз ел-жұртын аманаттап жүрерге ниет етті. Ол Ақша ханның жүйрік бір тазысы бар еді. Ол тазысы өзіне бек қадірлі еді. Нәрік батырға Ақша хан айтты: «Мен аман-есен қайтсам, сенге бек зор мархаматым болар. Бұ тазыны бек жақсы қылып сақта, ешбір кім алмасын»,—деп сапарға жүрді.

Бір күн ханның үй қасынан қоян қашып бара жатқан-ды. Ақша ханның қызметкерлері Нәріктен сол тазыны сұрадылар. Нәрік байғұс бермеді, ханға қиянат еткен болармын деп. Бағда сол қызметкерлердің ішінде бірісі айтты: «Бұ қаңғырып келген Нәрік сөзі бізге не керек»,—деп, сол тазыны ұстап алып, қоянға жіберділер. Қоян һәм тазы ел қарасын үзіп кеттілер. Бұ қызметкерлер іздеп таба алмадылар. Бұ Нәрік хан не жалбарып, ханға не жауап берермін деп қайғыда болып, Ақша ханның бір арғымақ атына мініп, жылай-жылай далаға шығып қоян илан тазы кеткен тарапқа қарай кетті. Көп жерлерге барды. Уа бағда бір іннің аузында бір қылыш көрді. Ол қоян орталыққа келген һәм тазы ортаға келген. Қылышты қолына алып, атынан түсіп, сол іннің ішіне кірді, көрді. Іннің ішінде толып тұрған алтын екен. Нәрік байғұс көріп, таңғажайыпқа қалды. Сол іннің ішінен бір пұттай алтынды алып, қайтып бір аулақ орынға көмді. Бір заманнан соң Ақша хан сапардан қайтты. Нәрік байғұс ханның алдынан қарсы шығып, өз мұңын айтып ханға түсіндірді. Хан айтты: «Сөзлемегіл, ешбір қорықпа, нәсіп солай болған-дүр»,—деді. Нәрік байғұс бек қуанып, шүкір айтты.

Бұ Нәрік көп заманнан соң сарғайып, жүдеп, ас-су ішпеді. Бек арықтады. Сонда алтын көргенін ханға айтпады. Хан бұның сарғайып, жүдеп кеткеніне бек қайғырып, не болды екен деп әрбір табибтерге қаратып, табибтер айттылар: «Бұның ішінде алтын қайғысы бар»,—дейділер. Ақша хан бір сыншыға бұны сынатып, [ол] айтты: «Бұ Нәрік алтын көрген, соның қайғысы сарғайтып тұр»,—дейділер. Ақша хан Нәрікке айттылар:

—Алтын көргенің рас па?—дейді.

Нәрік айтты:

—Бір ін ішінде толып тұрған алтын көріп едім,—деді.

Хан барып сол алтындарды алды. Нәрік бұрынғыдан қадірлі болып, көп замандар тұрды. Ханға жағымды болды. Билер бірлән хакімге кірісті.

Күндерде бір күн билер әрқайсысы Нәрікті күндеп жүрділер. Нәрік бұлардың күндеп жүргенін біліп, ханға барып Нәрік байғұс өз елімді сағындым деп айтқан бір шығыры:

—Арғымақ үйірін сағынар,
Сағынғанда не қылар.
Тау көбелей желсем деп,
Үйірімді көрсем деп,
Тұяғын тақыл бір тұқыл қағынар.
Ер туғанын сағынар,
Сағынғанда не қылар.
Дін тұрағы Мекке менен Мәдина,
Мәдина, Мекке еске алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Күдеріден алты тармақ бауларын мұның бек сайлап,
Көбе тонды кисем деп,
Ауыр әскер ертсем деп,
Дұшпанымды көрсем деп,
Сағынғанның белгісі—
Құймалы күміс, шын тоға,
Айыл да тұрман тағынар.
Ақ сұңқар үйір сағынар,
Сағынғанда не қылар.
Көк бұлттың ішінде,
Көлденеңнен ұшсам деп,
Көрдемлі ханда ұшсам деп,
Тұғырысына жете алмай,
Тақыл да тұқыл қағынар.
Елім демес ер болмас,
Үйірім демес ат болмас,
Ұяласым демес құс болмас,
Мезгіл болса, падишам,
Әркім де өз жұртын сағынар.
Дек ғазал:
Қауыста қайтқан қараша,
Қиқулап қонар көліне,
Өсіп бір өнген жеріне.
Садағым сала байланып,
Үш қысанды айланып,
Іздеп келдім, падишам,
Сізден бір медет, падишам,
Болар ма деп беліме.
Ордада жатып білмейсің,
Жақсының сөзі жетеді,
Жаманның қолы тиеді,
Бұ қорлыққа не үшін шыдайын.
Рұқсат болса, падишам,
Амандасып отырмын,
Қайтарға тұрмын еліме.
Өз жерімде жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім,
Адам да шықпас шеніме.

Тағы оқыңыз