Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сүйіндік—Мақпал бәйбіше

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Ол заманда Арғын Сырдарияның күнбатысында жүреді екен. Арғын дариядан өтіп, Қаратау жайлайды деген сөз естіле бастаған соң Қарақалпақ: «Арғын бұл жаққа келсе, таң атырып, күн шығармайды. Өткелден өткізбейміз»,—деп, өткел аузын алып тұра қалды дейді. Сыр суында аяқтап өтетұғын өткел болмайды. Сонда Мақпал бәйбішенің астында тор жорға аты бар екен, нар жетелеп судан өтерде, қара шұбар манат белдемшесінің етегін жинап алады да, іркілместен аты да үйректей қайқаңдап, жүк-мүгімен нарлары да тұрып қалмай, байпаңдап өте шықты дейді. Өткізбейміз деп тұрғандар ләм-мим дей алмады. «Пай-пай, бәйбішенің бөксесіне болайын!»—десіпті. Сонда Мақпал бәйбіше:

«Күлсең күлерсің, күлерсің,
Күндердің күнінде көбің,
Езуің жия алмай жүрерсің.
Бұл қай бөксе,
Айдабол шыққан бөксе,
Артың болса, Айдаболдай ұл тап!»—
деп жүре берген екен.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз