Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Баянның ұрпағы

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Айдабол ішінде бір Баян деген азғана қаралдысы есектің басындай ел бар. Сол Баян өз балаларына тақымы толмай Бұқар, Самарқан жағынан Көшен деген баланы ұнатып, алып келіп бала қылған екен. Оны өз балаларынан ілгері ұстап күтіп, жүргізіп-тұрғызған екен. Сол Көшен Бұқар базарына барғанда шешесін көрген екен. Елге айта келіпті:

—Көшеде қаңғып жүрген шешемді көрдім. Досан деген інімді көрдім. Мен кеткесін қаңғып қалған екен. Сізден батып алып келмедім,—депті.

Сонда Баян айтыпты:

—Мен сені іске жарай ма деп едім. Сыныма жарамай қалдың ғой! Шешеңді алып келсең еді. Оны мен алсам нетті. Онан туған балалар, сендер маған бала боласыңдар ғой!—депті.

Ендігі барғанында Бұқардан шешесін де, інісін де Көшен ала келіпті. Осы күнгі жүрген Көшен, Досан Баянның ұрпағы аталады.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз