Ұлы жүздегі «Үш тамғалы» Сіргелі руларының шығу тарихы (ІІ нұсқа) (2-бөлім)
Шежірелік аңыздар · 3 мин оқу
Наннан—Сауқым сопы. Бұл кісі—Қайшылы руының арғы атасы. Күндердің-күнінде айы-күніне жетіп толғатқан хан қызы ұл табады. Бойына Бораштан пайда болған нәрестенің кіндігін өзі кесіп, ешбір жанға айтып, көрсетпей, оңашада құндақтап, асылы жерде жатсын деп, қойдың қиының арасындағы көңнің ішіне апарып қояды. Оны өлтіруге көзі қимаған хан қызы Ізбике апасына келеді:
—Тағы бір сорлы перзент дүниеге келді, өлтірсең де, адам етсең де, өзің біл деп»,—хан қызы ұлды Ізбикеге қалдырып кетеді.
Ізбике ана ол баланы да: «Жаугершіліктен қалған болу керек, баласыз едім, осыны маған бала етіп асырап берші, ақыңды жемеймін!»,—деп тағы бір әйелге жасырын түрде өткізіпті дейді. Ол әйел баланың жайын білген соң оның атын «көңнен шыққан Көңірдек» қояды.
Көңірдектен рулы ел таралған. Уақыт алға зымырап Нан мен Көңірдек Ізбике ананың қолында ер жетіп, есейген шақта мынандай хабар жетеді: «Ордадағы бәйбіше едің ғой, мына Ойсылдың бір ұлынан туған Тұрымбет есейіп қалды. Өзі ақылды, зерек ынталы болғанмен, ойнап жүріп балаларға тиісе беретін ұрыншақ, тентектігі де бар. Ашынып ыза болған біреу мұның Ойсыл әулетінен екенін ханға жеткізсе, басып кесіп, көзін жоғалтады ғой, осыны амалдап, қарауыңа алсаңшы!»
Бұл Тұрымбеттің нағашыларынан келген хабар еді.
—Жарайды,—депті Ізбике.—Ол баланы жасырып атпен қайыршы етіп жіберіңдер. Тек өз атын атасын. «Әкем де, анам да жоқ, кешегі өткен жаугершілікте қаза тауыпты. Әркімнің есігінде жүрдім. Әке-шешемнің кім екенін де білмеймін. Өз атым—Тұрымбет десін»,—деп келісіп қояды.
Ізбике ана жерошақ басында сүт пісіріп отыр еді, қасына бір «қайыршы» бала келді. Кездес жоғарыда келісілгендей болып шықты. Баланы тамақтандырып, аржағына ел қондырған соң оған үй іргесіне апарып түйенің қомын төсеп беріп, дем алғызған Ізбике ана Тұрымбетке мал баққызып қояды. Күндердің күнінде Ізбике ана хан Жәнібекке бір ұсыныс жасады:
—О, алдияр тақсыр! Сізге айтатын бір шаруам бар.
—Айт, айт бәйбіше,—деп хан оны жылы жүзбен қарсы алады.
—Мына Тұрымбет жетім бала еді,—деп бастаған Ізбике оның «өмір тарихын» баяндай бастайды.—Кім білсін бейшара қарадан туды ма, төреден туды ма, онысы беймәлім. Бірақ та өзі өте зерек, ақылды. Елде сөз бар ғой: «Туғаннан бере ме, тұтынғаннан бере ме жақсылықты» деген. Маған сенсеңіз, жаман адам шықпайды бұдан. Осы баланы жілік ұстатып бала тұтынсаңыз қайтеді.
Біраз күн ойланып барып хан Тұрымбетті бала тұтынады. Әскер басыларын жиып алған ол:
—Мына Тұрымбет менің балам, бұған соғыс ілімін үйретіңдер,—депті.
Бірнеше айдың ішінде-ақ соғыс өнерінің бәрін де үйреніп, өз ұстаздарынан да асып түскен дейді. Тұрымбет жүре келе ханның ойына тағы бір арамдық туды:
«Қайшылы кемпір осыны тым айналып, үйіріліп кетті-ау! Тұрымбет Ойсылдың біреуінің баласы емес пе екен? Бір күні мені құртып, хан тағынан дәмелі боп жүрмесіне кім кепіл? Мен оны ту ұстайтын тубегі етіп жариялайын. Жау қолы әуел бастан-ақ ту ұстағанда нысанаға алады ғой. Мерт болса, сондаақ мерт болсын!»—дейді.
Ханның арам пиғылы жүзеге аспай Тұрымбет дін-аман ер жетіп, үйленіп одан «Ту тамғалы» руы тарапты....
Хан Жәнібек дүние салған кезде қанды қырғыннан қандайда бір себеппен тірі қалған Ойсылдың отыз ұлының бірі Кіші жүздегі он екі ата Байұлы руларының бірінің қызына үйленген еді. Кейбіреулер оны Бораш алған әйелдердің бірі еді дейді. Сол әйелден туған ұл да нағашыларында жүріп ер жетіпті. Байұлы ынтымақты ел екен.
Ел жақсылары ойласып:
—Қой, енді жиенімізді үйлендіріп отау тіккізейік, қасиетті тұқымнан тарағандардың бірі еді ғой. Өз елі Ұлы жүзге апарып қосайық,—деп келісімге келеді.
Бұл пікірлерін Орда төңірегінде отырып қалған Ізбике анаға да хабарлайды. Ол: