Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шанышқылыны үйлендіру

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Алатау батырдың даңқы көпке жайылып, елін-жерін қорғап жүрген шағы. Бірде қазақ, бірде қалмақ жеңіске жетіп, кейде текетірес түсіп жатады. Бірде Хазар теңізі жақтағы Кіші жүз елінен «жау тиді» деген хабар келді. Алатау Қоңыраттың батырларын жинап, жорыққа әзірленеді. Өздері қарамағында отырған Ташкендегі Тұрсын ханға жағдайларын, «Елімізге, жерімізге, малымызға бас-көз болыңыз, қараулық жасамаңыз!»—дегенді айтады.

Хан уәдесін береді. Кіші жүз еліндегі соғыстан жеңіспен оралса, елі аңырап отыр. Хан Тұрсын антын бұзып, жарамды жігіттердің жоғын пайдаланып, елін шауыпты.

Алатау батыр сарбаздарын аттан түсірмей Ташкентке тартады. Хан ордасын «Хан Тұрсынды—ант ұрсын!» деп шабады. Хан Тұрсын қашып кетіп, оның айдай сұлу қызын олжалайды. Қызды жайдақ нарға мінгізіп алып келеді. Ол сүйекке таңба екен. Асқан сұлу қызға Қоңыраттың батырлары көз тігіп, таласып қалардай халге жетеді. Сол кезде Алатау батыр:

—Кешегі Хазар теңізі маңындағы соғыста асқан ерлік көрсеткен найзагер жігіт болды. Жекпе-жекте де, қалың қол соғысында да жан шыдатпады. Осы қызды «Шанышқылы» атанған батырға берелік,—дейді. Қалың Шанышқылы елі осылайша пайда болған деседі.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз