Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Тұрғанбай датқа және Шілік оқиғасы

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Қоқан билеушілерінің ішіндегі ең жауыз хан Құдияр болса, соған қарсы қыпшақ Тұрғанбай Сіргебаев Шілікте бас көтеріп, 4000 қыпшақ әскері жеңіледі. Былқылдақ деген өзен бойында Қоқандар Сыр қыпшақтарының 17 биін дарға асқан. Тұрғанбай Шіліктің бегі еді. Осы жолы Айдарғазының 40 биі қадаға отырғызылған. Шыршық бойында Тұрғанбайға ыстық су құйып өлтіріп, қалғандарын көгендеп байлап бауыздаған.

Осы күнде Ақмешіт уезіне қараған төрт ұлыс қыпшақ бар. Басқа жұрт бұларды Төрттөбе қыпшақ деп атайды. Қоқан үкіметінің соңғы дәуірінде басқа да қазақтармен бірге бұлар да сол қоқандықтарға бағынған. Алқалы мәжілісте, ордалы кеңесте бабы асып жұрттан озған, көзге көрінген қазақ жақсыларының бәрі де датқа болған. Сол кезде осы Төрттөбеде Тұрғанбай да қатарындағы қазақ баласынан озып, аз күн атағы жер жарған датқа еді. Ол кезде Түркістан шаһары Қоқанға қараған қазақтың орталығы болғандықтан, қазақты басқару үшін қойылған үлкен бек осы қалада отырған. Бірақ бек деген аты болмаса, барлық билік тізгіні Тұрғанбайда болып, бүкіл жұрт соның аузына қарап тұрған. Тұрғанбайдың ел ішіндегі асқан абыройын, беделін көре алмаған басқа қазақ датқалары, қапысын тауып көзін құртуға себепші болған. Ақыры аңдысып жүрген датқалар Тұрғанбайға: «Осы сартқа бағынып, бас иіп тұрғанша, Түркістанға сізді хакім сайлайық. Бізде бірталай жұртпыз ғой, Қоқан ел болса, ел болғанын, жау болса, жау болғанын көрейік», - деп қолқа салады. Тұрғанбай мұның мүмкін еместігін айтқанмен, датқалар көптеп көндіреді. Жеме-жемге келгенде қасында өзінің жақын жуық жанашырларынан басқа ешкім қалмайтынын көрген Тұрғанбай датқа өзінің алдауға түскенін біліп, жан сауғалап қашады. Артынан хабаршылар келіп, «Бек шақырып жатыр, бір қате болған шығар, ешқандай кегім жоқ, орнында тұрып қызметін жасасын» деген сәлеміне сенбейді. Бірақ өзі бармаса, елі шабылып бүліншілікке түскелі тұрғанын сезіп: «Не көрсем де өзім көрейін, ел-жұртым аман болсын деп», - Тұрғанбай бектің алдына өзі барады. Осы жолы бек Тұрғанбайды адам көрмеген азаппен жанын қинап өлтіреді.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз