Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мырзаби оқиғасы және Мұсабек батыр

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

“Сыр өңірін мекендеген елдердің ішінде Қоқан басқыншылығына қарсы көтерілген Мұсабек батыр, Сапақ би, Қанай, Тұрлыбек датқалардың есімдері аңыз-әңгімелер арқылы есте сақталып келеді. Осы кезеңде билік жүргізген Қоқан басқыншыларының бірі – Мырзаби Ордабасына шатырын тігіп, бұл мекенді өзінің орталығына айналдырыпты. Халыққа жасаған зорлығы шектен шығып, қазақ руларына мал салығы былай тұрсын, қыз салығы – «қырық үйден зекет» ала бастайды. Бұл елдің бас көтерер батырлары мен билерінің қарулы көтеріліске шығуына басты түрткі еді. Мырзабидің айналасында Қоқанға қызмет жасаушы Бөгежін Байтөре сияқтылар да елге тізесін батырудан еш тізгінін тартпаған. Ел намысын ту еткен ерлердің басы – Мұсабек батыр болып, әрі ақын, әрі батыр Мәделі қожа, Құлшығаш Жаманқара батырлар қол қосып Ордабасының шаңын аспанға шығарып, Қотырбұлақтағы Мырзабидің ордасын қоршап бас салады. «Ұйқымды бұзады» деп құлақ жетер жерден жылқы кісінетпейтін қанішер Мырзаби шатырында шырт ұйқыда жатса керек. Топ ішінен суырылып шыққан Мұсабек батыр Қоқан бегі Мырзабидің басын алады. Мырзабидің отыздан аса жасаушыжендеттерінен шашау шыққан жан қалмады. Бұл қанды оқиға ел естелігінде «Мырзаби оқиғасы» деген атпен аңыз боп тараған.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз