Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазы, Мәмек батырлар

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Қазы, Мәмектердің ауылдарын қартайған шағында қырғыздың шонжарлары шауып, тонап, мал-жанын айдап алып кетеді. Бұл туралы Абылай ханға хабар жеткенде, хан хабаршыға:

– Қазы келсе менімен аттан түспей-ақ әңгімелесе берсін, - дейді.

Мұны естіген Қазы жолдастарымен арнайы келгенде Абылай хан алдынан күтіп алып:

– Байеке, сабырлық танытайық, Мәмек батыр «Көк Құс» (бұл Мәмек батырдың шыдамсыз тыз етпе мінезіне байланысты айтылған теңеу болу керек - А.Д.) қой шыдамас, қазір аттар арық, мал тойынсын, жағдай зерттелсін, есеңіз қайырылады, - дейді қарттармен қоштасып тұрып. Қарт Мәмек батыр ұзамай құсадан өледі. Абылай хан уәдесінде тұрып айтқан уақытында жасақтарымен қырғыз шонжарларын шауып, Қазы, Мәмек ауылдарының мал-жанын қайтарады. Бірақ жау қолында Мәмектің тоқалы қалып қояды.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз