Алатау батыр
Тарихи аңыздар · 1 мин оқу
Тарихта «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен белгілі, атақты хан болған. Оның еліне қайта-қайта жау шауып, әбден мезі етіпті. Сондай бір соғыста Қоңыраттан шыққан Алатау деген батыр бөтен ерлік көрсетіп, Есім ханның көзіне ерекше түсіпті. Хан бірде: «Сүлеймендей сұр жебем, Алатаудай алыбым, Жиембеттей жаужүрек батырларым барда жаудан жасқанар не жайым бар», - деп масаттаныпты дейді. Алатау батыр Тұрсын Ханға қарсы соғыста жау оғынан мерт болыпты. Есім хан Алатау батырдың қазасына қатты қайғырыпты. Осы батыр есімі кейін Қоңырат елінің ұранына айналған. Алатау – Есім ханның бас батырының бірі болған.