Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қайыр хан

Тарихи аңыздар · 1 мин оқу

Шыңғысхан Қытайды жеңіп, отанына оралған соң, қайтсе де батыстағы кең байтақ Дешті-қыпшақ елін, Мауреннахр өлкесін жаулап алуды ойлайды. Осы ойын іске асыру үшін, үш мұсылман бастаған елшіліктерін осы өлкеге жіберіпті. Ондағы ойы батыс пен шығыстың арасын жалғастырып жатқан Жібек жолын Маңғұл керуенінің сауда-саттық жасауы үшін пайдалануға келісім жасау еді. Әйткенмен, Шыңғысханның ойы әуел бастан Бұхарамен, Отырармен бейбіт сауда-саттық жасау емес, екі ұлы өзеннің арасында қорған тұрғызып мыңғырып байып жатқан Хорезм елінің күшін білу еді. Осы мақсатпен екінші мәрте елшілер мен қоса тыңшыларды да аттандырыпты-мыс. Отырар қақпасына еніп, неше күн бойы базарда қыпшақ қолының күшін, қару-жарақтарын санап, қала бекінісін барлап саудагерлердің арасында жүрген тыңшылар барын сезген Қайыр хан дереу сезікті жансыздарды тұтқындайды. Тұтқындардың іс-әрекетін баян етіп Бұхарадағы Мұхаммед Сұлтанға жаушы шаптырады. Мұхаммед Сұлтан тұтқындардың басын алып, қазына мүліктің бәрін Бұхараға, яғни, өзіне жіберсін деп бұйрық беріпті. Шыңғысханның Қайырханға қарсы соғыс ашуына осы оқиға себеп болыпты.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз