Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Шақшақ Жәнібек батыр (1-бөлім)

Тарихи аңыздар · 3 мин оқу

Шақшақ батыр жорыққа он алты, он жеті жас шамасында қатыса бастапты. Бұл тұста қазақ қолы Еділдің бергі бетіне жетіп іркілсе керек. Әржақта бұлардың келуінен бейхабар жау әскері жатады. Асау өзенге алғаш ат қоятын жүректі жан шыға қоймай, бергі беттегілер аз-кем аялдап қалады. Сол сәтте ала тай мінген бала жігіт өткелге бірінші болып қойып кетеді. Онысымен қоймай бұрын-соңды естілмеген ұранды ауызға алады: «Аманжол, Аманжол!»

Жас жігіттің соңынан бәрі ат қояды. Сол жолы бұлар жау жағасының тас-талқанын шығарып, пайдаға шаш етектен кенеледі. Жеңіс қызығы басыла бастаған тұста ғана манағы жас батыр еске түседі. Беймәлім ұранның иесі кім екенін білгісі келеді жұрттың.

Сөйтсе, бұл жігіт кіші Арғыннан тарайтын Ермен әулетінің үшінші ұрпағы—Шақшақ екен. Ал, ол ұран еткен Аманжол— баланың өз әкесі болып шықты. Сол күннен бастап тоқал шешеден тарайтын Арғын рулары үшін Аманжол ұранға айналды. Бұрын олар басқа арғындар секілді Ақжол ата есімін дабыл етіп келген еді.

Алғашқы қадамынан-ақ көзсіз ерлік танытып, жаудың бас батырын найзаға іліктірген Шақшақ Есім ханның ерекше құрметіне бөленеді. Бірте-бірте ол сол дәуірдің бас батырына айналады.

Шақшақ батыр өзінің айтулы замандастарының бірінің қызына құда түсіп, қызға өзінің алты ұлының ішінен қалағанын таңдауға ерік береді. Алтауы да ақ берен жігіт, басқа бесеуінің жауынгерлік даңқы атырапқа жайылып жатса да, қыз Көшейді таңдайды. Қыздың жеңгесі:

—Сен Шақшақтың батыр ұлдарының бірінің етегінен ұстамай, мал соңында жүретін нәуетек Көшейге неге қызықтың?—деп кінәлағанда, қыз:

—Сендер ештеңе аңғармайды екенсіңдер ғой. Көшей қой бағып жүргенде, оның үстінен үнемі ақбауыр бұлт ере көшіп жүреді. Аспан мен жерді жалғастырған өңге жанды көрген емеспін,—дейді.

Көшей де бәйбішесін ерекше құрмет тұтыпты. Екеуінің бір-біріне сыйластығы тұстастары арасында аңыз болып тараса керек. Бақытты да, баянды жұбайлық өмірдің аз-кем үзік тұстары да бар екен. Бірде батырлар жорықта жүргенде, ауылды қалмақтар шауып, біраз қыз-келіншекті әкетеді. Бұрын соңды мұндай сұлу кезіктірмеген қалмақ ханы Көшей батырдың жар төсегін қызықтағанына ай толмаған қалыңдығына еріксіз неке қидыртады.

Буыны беки бастаған, он жеті жасар Жәнібек алдымен ата-анасының жұмсауымен туған нағашысы Ұлы жүз Бектас қарияға келеді. Ол кісі он екі айғыр үйір жылқыдан таңдап жүріп, бәсіре ат мінгізеді. Бесті шыққанша жүген, құрық тимеген асау күреңді мініп, енді Жәнібек Қаракерей соқыр Абызға келеді. Бұл кісі сол кездегі Орта жүздің батагөйі болса керек. Мән-жайды білгеннен кейін жүз жиырма алты жасар қария:

—Ел бастап, жұрт алайын деген ұл екенсің! Сөз бастап, би болайын деген ұл екенсің! Алдыңа келсе, әділдігіңді аяма— аямағың кетпес алдыңнан, қол бастап жол алайын деген ұл екенсің. Жолдастың мыңың алма, бірін ал—мың кісіге бір кісі олжа салатұғын, олжаңды аямасаң—жолдасың кетпес жаныңнан. Жас күніңде қалың бер де, қатын ал, жігіттің хан болатын, қыздың ханым болатын уақыты сол,—деп батасын беріпті.

«Шын тұлпар шабысынан, сұңқар самғауынан» белгілі болатыны сияқты, алысқа құлаш сермейтін ұл алғашқы қадамынан-ақ сезіліп тұрады ғой. Ұлы жүздегі нағашысынан жиенқұрық алып, Орта жүздің батагөйінен ақыл тыңдаған балаң жігіт Жәнібек қазақ ошағының үш бұтын түгендеу мақсатында Кіші жүздегі керейт руының дуалы ауыз ақсақалы тоқсан жасар Тайған қарияға сәлем бермекке келеді. Бұл кісі қырсықтау мінезді адам екен. Оған өкпелеп кері бұрылып бара жатқан Жәнібекті тоқтатып, Тайған қарт мынадай тілек айтқан деседі:

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз