Ақынның ақырғы сөзі
Тарихи аңыздар · 1 мин оқу
Ақын ата дүние салар алдында ел-жұртын жиып алып, қоштасып:
—Менің атымды һарам мақұлықпен атап қалғандығы үшін ғана жер қойнына кірермін. Әйтпегенде олай болмас еді. Сонда да жер қойнынды көп жатпаспын,—депті.
Айтқанындай екі-үш күннен кейін көрдің бір бүйірі үңірейіп ашылып қалыпты. Ағайындарының түсіне Ғайып- Ерен Қырық Шілтен кіріп, әулиенің денесін алып кеткендігін хабарлапты-мыс.