Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Айдабол, Қаржас—емшектес (ІV нұсқа)

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Көшкіншілік-үркіншілік кезінде Мейрамсопыдан туған Қуандық пен Сүйіндік бір бала тауып алады. Балаға екеуі таласып, бір пәтуаға келе алмайды. Сөйтіп, шешесі Нұрпияға жүгінеді. Нұрпия ана асық қаржылаңдар (иіріңдер) депті. Қуандық жасының үлкендігіне, мінезінің адуындығына бағып:

—Алшы түссе де, тәйке түссе де, бүк түссе де, шік түссе де— менікі,—деп отырып алыпты.

Сүйіндік шешесіне шағынып:

Апа-ау, осындай да қиянат бола ма екен?—десе, Нұрпия шешесі:

Балам, бұйырғаны болар, асықтың «омпа» деген бесінші жағы да бар емес пе?—депті. Содан, асықты қаржып жібергенде омпа түсіп, бала Сүйіндікке бұйырып, сол баланың «Қаржас» атануы—осыдан еді дейді.

Бұл кезде Сүйіндіктің әйелі жас босанып отырса керек, Айдабол деген баласы бар екен. Жас ана Айдабол мен Қаржасты қатар емізіп өсіріпті. Әлгі «Айдабол, Қаржас—емшектес» деген сөз содан қалған дейді.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз