Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Айдаболдың Қошетерді Тайкелтірге еншілес қылуы

Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу

Кенжеқозы жастай өліп, қайны Ұлы жүз Қаратай батыр екен, қалыңдығы оң жақта қалған. Айдабол би: «Тайкелтірге қосамын!»—деген соң, Жанқозы онысына көнбей: «Көттесімнің жесірін тоқал [дың] баласына бермеймін!»—деп, тетелес інісі Малқозының баласы Толыбайға алып беріп: Олжабай, Құлжабай, Орман, Рысқұл (Ырысқұл)—төрт бала туған.

Батыр Олжабай—Үйсін Қаратай батырдың жиені. Шешесін қыс ішінде ұзатып келе жатқанда, босанғаннан: «Осы жолдың олжасы болды ғой!»—деп, атын Олжабай қойғаны сол екен. Қаратай батыр Шанышқылы Қошетер деген елден қызына қызметкер қылып бір күң қосады. Ол қыз да жолда босанып: «Бұған ат болуға қостың аты да жетер» деп, атын «Қосжетер» қойғаннан «Қошетер» атанып кеткен. Айдабол би Тайкелтірге еншілес қылып берген. Сонан Тайкелтір, Қошетер әуелден ыңғайлас, қоныстас, сыбайластығы—сол.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз