Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Абылайдың тұтқын болуы ( ІІ нұсқа) (1-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Қалдан Шеріннің Сәру деген інісін жорықта кез болып, Абылай өлтірген екен. Қалмақтан шыққан Сына батыр Қалдан Шеріннен қашып, Абылайға келіп қорғалаған екен.

—Кісімді өзіме қайырып берсін,—дегенде, Абылай:

—Қолынан келгенін менен аямасын,—деп бермей қалған екен.

Бұл туралы Қалдан Шерін қалмақтың өзінен басқа қоңтажысы болсын, Аюке болсын баршасына ат шаптырып, «Сүзекінің қолы» деген қол аттандырыпты.

—Көктің астында, жердің үстінде Абылай бар болса қоймасын, ұстап алыңдар,—деп және қалмақтың жайсаңдарына жарлық беріпті,—Абылайды тірі ұстап алып келгендеріңе Аюкенің қызынан туған Топыш сұлуды қалың малсыз беремін!—деп.

Көкшетауда бүркіт салып жүргенінде, қалмақтың бір жайсаңы Абылайды ұстап алып кетіпті, жанындағы жолдастары білмей қалыпты. «Абылайды тірі ұстап, алып келе жатыр!» деген соң, Қалдан Шерін жарлық қылыпты:

—Абылайды маған көрсетпей, жеті күн, жеті түн зынданға салыңдар, ас-су бермеңдер, аш сақтаңдар. Сегізінші күн зынданнан шығарып, айдалаға бір ақбоз үй тігіп, соның ішіне жалғыз қойыңдар да, бір аяқ қара суға тобықтай тоң май салып, алып барып, қолына ұстата қойыңдар. Тобықтай тоң май қара суға ерімес. Ұрттап жіберейін десе, аузына бармас. Қара болса, аяқтағы суға қолын салып жіберіп, майды аузына бір-ақ қағып қояр. Егер ақсүйек болса, аштан өліп бара жатса да, майды керек қылмас. Мұны осылайша сынайық,—дейді.

Ханының айтқан жарлығын айтқанынша қылып, зынданға салып, сегізінші күн дегенде, ақбоз үйдің ішіне жападан-жалғыз отырғызып қойып, бір аяқ қара суды ішіне тобықтай тоң май салып, апарып қолына ұстатты.

Абылай суды ішіп еді, май не ерімеді, не аузына бармады.

—Үрсем, кетпейтұғын неме едің, өпкенмен, келетұғын емессің ғой!—деп, қолыңдағы аяқты,—Бар, ендеше!

Көріп тұрған жігіт-желеңдер Қалдан Шерінге бір-ақ айтты дейді.

—Мұның затында бір асылдық бар қу екен ғой!

—Енді бір төрт жендет жалаңаш қылыш алып: «ханнан жарлық болды, қарадан жабдық болды, сіздің мейманыңыз толды. Құдайдың сізге бұйрықты жазуы осы болды» деп, қылышпен шабуға дүрсе қоя беріңдер. Біреуіңнің астыңа тығылып, басын қорттаса, шауып, өлтіріп тастаңдар. Егер сар қасқа текеше қасқайғаннан қасқайып отырып қалса, шаппаңдар. Тағы қайтып келіңдер, не көргендеріңді айтып келіңдер!—дейді.

Қалдан Шеріннің айтқанын түгел орнына келтіріп, жендеттер жетіп барғанда, қаперіне дәнеме келтірместен, қабағын қағып, жасқанбастан отыра берді дейді.

—Жүрегі тас па, мүйіз бе, түсі де қашпады,—десіп, айтысып келді дейді. Қалдан Шерін тоқсан саркардасын жиып, бәрін өзінен артық жасап киіндіріп, бір үйдің іші лық тола қатар түзеп отырып, өзі орнында отырмай, көп саркарданың бірі есепті болып, бұлардың арасына кіріп отырды да:

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз