Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазақша жаңылтпаштар

Қазақша жаңылтпаштар — тілді жаттықтыруға, дыбысты анық айтуға арналған халық мұрасы. Балабақша мен бастауыш сыныпқа, логопедке және сөйлеу мәдениетін дамытуға. Барлығы: 378. 3-бет, барлығы 4 бет.

  1. Құнан қойды / Май қартайтар бола ма, / Мал қартайтар болар ма?
  2. Қақпаға оқтай тақтай қақпақ, / Қақпаға оқтай тақтай таппақ.
  3. Қалдың ба байқамай, / Озған қай тай, / Қалған қай тай?
  4. Қаладан алғаным, / Алты арба асқабақ. / Алты арба асқабаққа жеккенім / Алты ала тарғыл баспақ. / Ақ бөксе баспақ.
  5. Қанар қаптарды қаптап артар, / Шанақ арбаны аттар тартар.
  6. Қазықты тоқпақпен тоқпақтағанда, / Тоқпақты тоқтатпай тоқпақта.
  7. Қаңбақ – тоңғақ. / Тоңғақ қаңбақ / Ұшты иық қомдап.
  8. Қарашы қиырға, / Көрінген сиыр ма? / Ұқсай ма сиырға, / Ұқсай ма суырға, / Айыру қиын ба?
  9. Құлын – тай шығады, / Тай – құнан шығады. / Кейде тай / Құнанға сай шығады.
  10. Лама жайын білдің бе? / Лана гүлін тердің бе?
  11. Лаула алау лаула, / Алауласын аула.
  12. Лек-лек үлек келді, / Көп үлек түлеп келді.
  13. Мынау арал қай арал? / Қайың менен тал арал, / Талға қарға ұялар.
  14. Мына сайда отырған бай Бағланбай / Бұл қай бай Бағланбай? / Бұл қай бай Бағланбай?
  15. Маған сенсең, көк сеңсең көп сеңсең, / Өзгелер сенбесе сенбесін, маған сен
  16. Маған аға: / «Шықшы, – деді, – бағанаға». / Маған аға: / «Шықшы, – деді, – далаға да!»
  17. Мергеннің еңбегі – ерлігі, / Ермегі – еңбегі.
  18. Мынау тұрған неменелер? / Неменелер дегенің шөмелелер. / Төбедегілер де шөмелелер.
  19. Мұзға мұз ұқсас, / Тұз – тұзға ұқсас, / Мұз да, тұз да ұқсас.
  20. Малға, / Шөп керек, / Шөп көп керек, / Көк шөп керек.
  21. – Мынау балқаймақ қай балқаймақ? / – Бұл балқаймақ – май балқаймақ.
  22. Малтам бар қалтамда, / Бір қалта арқамда.
  23. Моншақты тақты оншақты, / Оншақты болды моншақты.
  24. Нақаш ағасы – нағашысы, / Нағаш – Нақаш нағашысының нағашысы.
  25. Нау ма, дау ма? / Нау да – дау, / Дау да – нау.
  26. Намысшылды нашар нақыш налытты, / Намыссызды найсаптығы найқалтты.
  27. Омартаға балалар барар, / Балаларды аралар талар.
  28. Ол алқапты олар орар, / Бұл алқапты бұлар орар, / Орал ормаса, Омар орар.
  29. Орта таудың басына / Отау тікпек айнала, / Отауымды қотаныма тігем, / Қотанымды отауыма тігем.
  30. Орманбай аңшы, / Марқабай малшы, / Тұра қап алшы, / Құрығыңды суға малшы.
  31. Оқуға салақтар, / Тек кетіп парақтар. / Сабақта алақтар / Далада далақтар.
  32. Омар ора алар, / Омар ора алмаса, / Орал ора алар.
  33. Оқуда Ораз озар ма екен? / Ажар озар ма екен?
  34. Озған сәл алды, / Бәйгені шал алды. / Шал әлі әлді.
  35. Ол да Ділдә, / Бұл да Ділдә. / Ол да Әбділдә, / Бұл да Әбділдә.
  36. Орын берсең кіргенде, / Үлкен кісі есіктен. / Үлгілі екен демей ме, / Үйренген ғой бесіктен.
  37. Ол аралда да марал, / Бұл аралда да марал. / От екен маралға да арал, / Оттайтын аралда да марал.
  38. Он қап, / Он қапты қақ, / Он қапты қақ та, / Қатта.
  39. Ол да шылбыр есті, / Мен де шылбыр естім. / Ол шылбырды сылбыр есті, / Мен шылбырды ылдым-жылдым естім.
  40. Оюға ою өрнектеп, / Үйрет өстіп қолды ептеп.
  41. Он бір – онның ағасындай, / Бес – алтының баласындай.
  42. Омар көп шай ішіп жүр, / Құмар шөп шай ішіп жүр. / Ал Шынар / Бұл маңда жоқ шай ішіп жүр.
  43. Өте мерген Орман атты, / Ор түбінен ор қоян атты. / Оқ тиген соң өте қатты, / Ор түбінде ор қоян жатты.
  44. Өкшелеп қуып, / Көшкен ауылды. / Өкпем өшіп, / Өкшем ауырды.
  45. Өнері оның алуан, / Өміртай – боксер, палуан.
  46. Өңеші кем емес, / Өңеші кең өңеш. / Өмеште өңеш кең.
  47. Өсер өркен өштеспейді, / Өршеленген еш өспейді. / Өштестірер өсекшілер, / Өрекпіген өштестіреді.
  48. Паровоздың түтіні будақ-будақ, / Жолаушылар барады улап-шулап. / Паровоздың түтіні будақ-будақ, / Анда-санда қояды тулап-тулап.
  49. Піскен пісте, / Піс те, / Жерге түспе.
  50. Пеш үстінде бес мысық – / Бес күзетші, бес пысық. / Тышқан ұстап жемесе, / Бола қоймас еш қызық.
  51. Пай-пай тіпті күш қалмай, / Піл қорықты тышқаннан. / Пана таппай жортады, / Пәледен жаман қорқады.
  52. Пайдалы деп, / Пияз жеп, / Парлады жас көзімнен. / «Пыссыншы біраз» деп, / Пысылдадым төзіммен.
  53. Пәк пейілді парықсызды, / Пайдакүнем пайдаланғыш. / Пысық, пасық, пайдагер, / Парақорды паналағыш.
  54. Райхан, раушан реңдес / Реңдестерім ренжімес. / Раушанның райханы, / Райханның раушаны, / Рақатта реңсізденбе.
  55. Сыпыра сөктім, сыпыра тіктім, / Сыпыра сөктім, сыпыра тіктім.
  56. Сүт бетінде май балқаймақ, / Ол қай май балқаймақ? / Балдан тәтті бал майқаймақ.
  57. Сыздық судан сүлік сүзді, / Сыздықтың сүлік салмасын үзді. / Салмадан сүлік шығып сытылып / Суға түсіп, сумаңдап жүзді.
  58. Сүрінген сұр інген бе, / Сұр інген сүрінген бе?
  59. Сыйлыгүл сырмақты сыри берді. / Сырлыгүл Сыйлыгүлге сыйлыққа сиыр берді.
  60. Сенсең, / Бейсенде бар сеңсең тон, / Сейсенде бар сеңсең тон, / Кигендері өңшең тон.
  61. Сең сел емес, / Сел сең емес. / Мен сен емес, / Сен мен емес.
  62. Сызық сызып қызық сызды, / Қызық сызып, бұзып сызды.
  63. Солақайдың сол қолы – оң қолы, / Оңқайдың оң қолы – сол қолы.
  64. Сәмбі тал – / Иіліп тұрар / Сәнді тал.
  65. Сулы жерде жалбыз бар, / Жалбызға сен жалғыз бар. / Жалғыз бар да, жалбызды ал.
  66. Сұр інгенді сүрінгенде демейін, / Сүрінгенді сүрінген еді демейін.
  67. Суда сең келеді, / Сегіз серке тең келеді, / Суға сақалын мала, сілке, / Суға сақалын мала, сілке.
  68. Сағат сыртылдады, / Сырға сыңғырлады.
  69. Сорпа іштік, / Сорпа ыстық. / Сондықтан қорқа іштік.
  70. Сегіз семіз серке, / Семіз сегіз ерке. / Сегізі де егіз, / Семізі де сегіз.
  71. Сен өлше, ол өлшер, / Сол өлшем, сол мөлшер.
  72. Сабалақ абалап үрді, / Сабалақ қотанды / Жағалап, абалап үрді де жүрді, / Сақпаншы құлағын түрді де жүрді.
  73. Сөздің соңын тақпақтады, / Талай тақпақ таппақ тағы.
  74. Саматқа санақ қонатын емес, / Саусағын санап болатын емес. / Онысы кейде кем болып шығады, / Кейде кенет он болып шығады, / Кейде одан да мол болып шығады, / Сөйтіп, есебі өзгеріп тұрады.
  75. Саптап, сақтап орақ, шалғы, / Жұмсай берді олар, олақ шалды.
  76. Сексен сегіз сәбізді / Күнде өгізге жегізді. / Күнде сексен сегіз / Сәбіз жеген өгіз семіз.
  77. Сиыр баласын «торпағым» дейді, / Қоян баласын «көжек, қорқағым» дейді.
  78. Тарғыл иттің құйрығы / Талға оралар, / Талға оралар.
  79. Тебіншек ат – шегіншек, / Шегіншек ат – тебіншек.
  80. Толағайдың торы ала аты бар, / Толағай, торы ала атыңды / Тағалатып ал.
  81. Тоғыз ақ баспақ тана, / Тоғыз ақ баспақ тана ішінде / Жалғыз тарғыл тайпақбас баспақ
  82. Топ, топ бала, топ бала, / Ойнап жүрген көп бала. / Зымырап топты бала / Қуады допты ғана.
  83. Таппай қойсаң Жақыпты, / Тап қайтсең де Сақыпты. / Таппай қойсаң Сақыпты, / Тап қалай да Жақыпты. / Жақып жүрмес Сақыпсыз, / Сақып жүрмес Жақыпсыз.
  84. Тіреуішке түйрегем түйреуішті, / Күлдіреуішке тірегем тіреуішті. / Түйреуішім тіреуішке түйрелмепті. / Күлдіреуішке тіреуішім тірелмепті.
  85. Тұрарбек Тұралбектер бір ел ме екен? / Тұралбек Тұрарбекті білер ме екен?
  86. Тарпаң тайлар қай қорада? / Тарпаң тайлар тар қорада.
  87. Талғат, балға тап, / Он шақты жаңғақ шақ, / Шақсаң, сақ шақ.
  88. Топ бала, топ бала, / Ойнап жүр топтала. / Көп бала топ бала, / Қуып жүр допты ала.
  89. Таудан түсіп келеді тау ұлдары, / Тау ұлдары сүйеді қауымдарын. / Тау ұлдары сүйеді ауылдарын, / Тамашалап жүреді тауын, бағын.
  90. Тойболды тойға барады. / Тоқтарбай тоқталмай ол да барады. / Қойгелді жолда қалады.
  91. Төлеңгітті Төлен күтті. / Төлеңгіт Төленнен өлең күтті.
  92. Тамшылар тамшы тамса, / Тығылар таса тапса.
  93. Тұз – мұздай, / Мұз – тұздай.
  94. Түйетабанды / Түйе табанымен таптаса, / Табанына / Тікен кіре ме? / Табанымен / Түйе / Түйетабанды таптаса / Табанына тікен кірмей ме?
  95. Тарғақты тақыр жерге / Жұмыртқалатпақшымыз, / Жұмыртқаламаса да / Жұмыртқалатпақшымыз.
  96. Төбесі төбел төрт бөрік, / Төртеуі де көк бөрік.
  97. Тас тостаған, / Тас тостаған ішінде / Тас тастаған.
  98. Тарғыл итім, талға орал!
  99. Торғай тоғайды ұнатады, / Тоғай торғайды ұнатады.
  100. Тырмада бар, / Қойшыда жоқ, / Тырнада бар, / Аңшыда жоқ.

Ауыз әдебиеті