Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қазақша жаңылтпаштар

Қазақша жаңылтпаштар — тілді жаттықтыруға, дыбысты анық айтуға арналған халық мұрасы. Балабақша мен бастауыш сыныпқа, логопедке және сөйлеу мәдениетін дамытуға. Барлығы: 378. 2-бет, барлығы 4 бет.

  1. Дәуреннің / Дутары бар, / Дағарадай.
  2. Дән – дәулет, / Дәулет – дән. / Сән – Сәулет, / Сәулет – сән.
  3. Далалықтарға даралық / Даласынан дариды.
  4. Дәмді шөпті таңдаған, / Дәмді шөпті талғаған, / Дағдысынша дуадақ / Даланы еркін шарлаған.
  5. Дегелек-ау, дегелек, / Дамылдасын деген ек.
  6. Етігімнің басы / Қайқаяр, қайқаймас, / Қайқаяр, қайқаймас.
  7. Есік алдындағы отынның / Шырпылылырағынан ала кел, / Томарлылырағынан ала кел, / Тамырлылырағынан ала кел, / Түбірлілірегінен ала кел.
  8. Есет атам ет асатар, / Ет асатса бес асатар
  9. Ескермес те, Естемес те, / Есіл сөздерді ескермес пе?
  10. Есім есі кетіп есінеп отыр екен. / Ол несіне, есі кетіп есінеп отыр екен.
  11. Елеусіздің елеуіші елегіш емес, / Елеместің елеуіші елегіш.
  12. Есет, / Кеше / Неше / Көше / Атын / Алдың / Жаттап? / Кеше / Неше / Көше / Атын / Есет, / Алдың / Хаттап?
  13. Ескекті ескекші еседі. / Ескекші ескекті еседі.
  14. Еліктер керіктерге еліктесе де, / Керіктер еліктерге еліктемес.
  15. Жаңбыр жауып келеді қар аралас, / Бір топ кемпір келеді шал аралас. / Тауға қайың бітеді тал аралас, / Бір топ сиыр келеді тана аралас.
  16. Жорғаң жорға-ақ екен, / Ордан қорқады екен, / Желіске шорқақ екен.
  17. Жоғалды бес шыбыш, / Жоқ әлі еш сыбыс. / Жоқ әлі еш сыбыс, / Жоғалды бес шыбыш.
  18. «Жер асты үңгірлері...» / Деп досым міңгірледі, / Ол міңгірлегенде / Үңгірлер де күңгірледі.
  19. Жол азық алдық, / Мол азық алдық. / Қоржынымыз толы азық алдық, / Сайлаудың қоразын алдық.
  20. Жақсы қайшы / Қайсы қайшы?
  21. – Жұмаш, көзіңді жұм, аш,– деді Күлаш.
  22. Жағажай, / Жағажайда – Қамажай. / Жағажайды жағалай, / Жүгіреді Қамажай.
  23. Жомартта бар әліппе, / Жомарт жетік әріпке.
  24. Жамал амал іздесе де, / Самал амал іздемейді.
  25. Жағада жатыр ек, / Жақыпбек жақын кеп: / – Жаңылды шақырып жатыр, – деп, / Жомартты нұсқады. / Кім барды, / Кім қалды?
  26. Жақсы атты әп-сәтте / Асқаттар ақсатты, / Жаза алмай бас қатты. / Ақсатса жақсы атты, / Кім болар жақсы атты.
  27. «Жапа-тармағайламай / Айғайламай, сөйлеңдер», – деді ағай.
  28. Жол жағалай бағаналар – ағалар, / Ағалар бағаналар жағалар, / Бағаналарға шамдар жағар.
  29. Жел сыбырлайды, / Жел сыбырлайды. / Жел сыбырласа – / Көл жыбырлайды.
  30. Жел өтінде – / Көл бетінде көбік бар. / Желмен кеткен көбікте, / Қай бір ерік бар.
  31. Жаңбырлы бұлт / Жайылды жалау боп.
  32. Жамылған, / Жамау тон. / Жауынды / Жалайды от.
  33. Жүйек – жүйекте, / Жүйекті жиекте.
  34. Жайлауға көш көшті, / Көш кеш көшті.
  35. Жол бар, / Жолда өр бар. / Өр бар, / Орға барма, / Өрге бар.
  36. Жапалақтап, қаптап ақ қар жауды, / Алқапты ақ қар жапты.
  37. Жылқышы ұшып көл жақта, / Жүр азығы мол жақта. / Жалпылдап тек жапалақ, / Жете алмайды ол жаққа.
  38. Жайлауда бір жылқышы, / Жылқышы – әнші жыл құсы.
  39. Зауза ұшады зыңылдап, / Зуылдайды зырылдап. / Зәулім дәу заңғарлар, / Зәру ме Зәмзамға. / Зарыққан аңғалдар, / Зақымсыз заулауға.
  40. Зерек зергер зерделеп, / Зергерлеуші зер зерлеп. / Зерлілер затын зерлеткен / Зергерлік те зерделік.
  41. Иса шиша жуса, / Мұса – шиша жуса.
  42. Ибалы – инабатты. / Игісінді – ибадатты.
  43. Кей кісі ауырса бір, / Үй-іші абыр-сабыр. / Қылмайтын абыр-сабыр / Онан да тәуір сабыр.
  44. Көп тау қатпарлы тау, / Қапталды тау малды тау, / Қаппарлы тау талды тау.
  45. Кетпенбай кетпенді алып кеткен бе? / Кетпенді алған Кетпенбайға кектенбе?
  46. Көктемде көк көп көктей ме, / Күзде көк көп көктей ме?
  47. Киген тоны – / Оңды тон, / Өңді тон.
  48. Көлбай көлдей орамалмен сүртінді, / Көлбай көлдей орамалмен өткізді бір түнді.
  49. Күйші інім, биші ініме: / «Бетімнен сүйші, інім!» – деді. / Биші інім: / «Сүймеймін, билеймін, бишімін!» – деді.
  50. Кетпеннің басын басса, / Тиеді сабы басқа. / Ал егер сабын басса / Тие ме басы басқа?
  51. – Кім сызғышсыз? / – Біз сызғышсызбыз. / – Сызғышсыздарға / Сызғышсыз сызғыз.
  52. Көк көйлек, көк көйлек, / Тек өзіме дөп көйлек.
  53. Көп көкбеттенгенің нең, / Көп көкбеттенбегенің жөн.
  54. Көрмеген үш қыс. / Көкеңді ұшқыш, / Құшақтап қыс, құш!
  55. Келген малшы / Әрі әнші, / Әрі аңшы.
  56. Кеспе, өссін тал, / Өссе – өсімтал. / Өссе, өссін тал, / Кеспе, өссін тал.
  57. Көктем жауын-шашынсыз болмас, / Жауын-шашынсыз болмас, / Жасынсыз болмас.
  58. Көктемде шөп өнер жер – / Мал келер, мал өрер жер.
  59. Күз, кез, күз, / Күш, кеш, көш, / Кір, кер, көр, / Күл, кел, көл, / Кілең қысқа сөз, / Кім оқиды тез?
  60. Көк базарда күзде бәрі бар, / Барып бәрін, бәрін ал.
  61. Көк бұйра бір бұлақ, / Тіл қатар былдырап, / Тастарды ұрғылап.
  62. Кекілік-ау, кекілік, / Кетіп қалма секіріп.
  63. Көк тырна, / Көптырна. / Тыраулап тек, / Көп тұрма.
  64. Көп көкек, / Көкектеп, / Көктен келді. / Көкек кеп, / Көптеп кеп, / Көктем келді.
  65. Көк ешкі көп шөп жеді, / Көп шөп жегенде де көк шөп жеді. / Көк ешкі көп шөп жеді, / Көп шөп жегенде де көк шөп жеді.
  66. Көп-көп көк жеп, / Келді көжек.
  67. Кендірден кенеп шығар, / Кенептен елек шығар. / Електен кебек шығар, / Кебек те керек шығар.
  68. Көк аспанда жұлдыз бар, / Мөлдір суда құндыз бар. / Жұлдыз түнде жылтырар, / Құндыз күнде жылтырар.
  69. Құнан қойды / Май қартайтар болар ма? / Май қартайтар болар ма?
  70. Құрықтан құлдырап түстім, / Сырықтан сылдырап түстім.
  71. Қай тайлақ лақтай, / Қай лақ тайлақтай?
  72. Қурайлының жерінде, / Қоңыр айғырдың үйірінде, / Бурыл қулық құлындап жатыр, / Бурыл қулық құлындап жатыр.
  73. Құдағиға сақтаған сүр балқаймақ, / Ол балқаймақты мен жаламай кім жаламақ? / Ол балқаймақты мен жаламай кім жаламақ?
  74. Қырда қырау, / Қызыл ала бұзау. / Тауда тарғақ, / Тарғыл ала торпақ.
  75. Қабат-қабат үй салдық, / Үйлер толы күй сандық. / Күй сандықпен үй сәнді, / Күй сандыққа күй салдық.
  76. Қырда қырғилар құрға құлдилап ұшты, / Қырда құрлар құлдилап қырғидан ұшты.
  77. Қарағайсың қара майсың, / Қара майыңды жаламаймын / Қасыңа енді жоламаймын.
  78. Қыста құлағым ісіп кетті, / Үсіп, ісіп кетті.
  79. Қырық құлып, / Қырық құрық. / Құлып та қырық, / Құрық та қырық.
  80. Қырсық қисықты, / Қисық қырсықты. / Қырсық құр қырсықты.
  81. Қаш, жүгір, / Шұғыл, тығыл. / Бүгіл, жығыл.
  82. Қамшының бүлдіргесін айтасың ба, / Әлде тау бүлдіргенін айтасың ба, / Нұржанның күлдіргенін айтасың ба, / Сотқардың бүлдіргенін айтасың ба.
  83. Қанатты Болаттың / Аттандыра алмағандығы – / Көңілін Қанаттың / Қанағаттандыра алмағандығы.
  84. Қамаштан көріп қалашты, / Қалашқа Жарас таласты. / Бөлінсін десең қалаш тең, / Таласпа, Жарас, Қамашпен.
  85. Қаз маңғаз, / Маңғаз қаз.
  86. Қырбық қар құрғақ па, / Құрғақ қар құрғақ па? / Қырбық қар да құрғақ, / Құрғақ қар да құрғақ.
  87. Құмда құйын ойнайды, / Құйын – қиын ойнайды. / Әр нәрсені іліп ойнайды.
  88. Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең. / Жаңбыр, қайың, таң, тың, сең – / «ң»-нан сөз жоқ басталған, / «ң» үлестен құр қалған.
  89. Қыста боран болар, қар болар, / Қыздар шәлі, орамалмен оранар.
  90. Қызыл ала бұрау / Қырда қырау.
  91. Қапыда ит қапты, / Қатты қапты, / Қапты қатты.
  92. Қырық қызыл құйрық, / Қырық қыл құйрық. / Қырық қыл құйрық ішінде / Ылғи қызыл қыл құйрық.
  93. Қара қарғаларға / Ала қарғалар үйір. / Ала қарғаларға / Қара қарғалар үйір.
  94. Қара майлы қарағайды, / Кесейін бе, кеспейін бе? / Қазықтағы қара тайды / Шешейін бе, шешпейін бе?
  95. Қара жерде қайық жүре ме, / Қара жердің қайығы түйе ме?
  96. Қарға, қарға, қарғалар, / Қар үстінде жорғалар.
  97. Қыс қатты-ақ, / Қыспаққа-ап. / Құс тоңып жүр, / Қыстап қап.
  98. Қыс түсті, қыс қысты, құс ұшты, / Қыс түсті, қысқы істі, қыста істе.
  99. Қырық құрықтық / Сырық қырықтық.
  100. Қара бүркіт томағасын түсіреді, / Оны мен томағаламай, / Кім томағалайды? / Оны мен томағаламай, / Кім томағалайды?

Ауыз әдебиеті