Қазақша жаңылтпаштар
Қазақша жаңылтпаштар — тілді жаттықтыруға, дыбысты анық айтуға арналған халық мұрасы. Балабақша мен бастауыш сыныпқа, логопедке және сөйлеу мәдениетін дамытуға. Барлығы: 378. 4-бет, барлығы 4 бет.
- Тары ақта, / Тары ақтап, / Қапқа қапта.
- Торта қойдым, орта қойдым, / Орта қойдым, / Орта қойдым, / Жорта қойдым.
- Тастай ауыр ақ сақам, / Ақ сақаммен жақсы атам. / Жақсы атқаным емес пе, / Ұлдарды зар қақсатам.
- Томағаланған төрт бүркіт – қолда, / Томағаланбаған төрт бүркіт – торда. / Қанша бүркіт болады сонда?
- Тұмсығы балғаға айналар, / Балғасы қайлаға айналар. / Қайласы қайыңға қайралар, / Тоқылдақ тоғайлы сайда бар.
- Уфаға барып оқыған, / Уәли жібек тоқыған.
- Уықтардың барлығын, / Уыққапқа сал, күнім, / Уыққапқа салған соң, / Уыздан жеп ал, күнім.
- Уатушы Уәлиді / Уәзирамыз уайымсыз. / Уілдейді Уәлиі, / Уақыт уәжсіз Уәлисіз.
- Ұстап қара қарындашын, / Ұштап қарындашын қарындасым / Ұсынды қарындасым қарындашын.
- Ұшпайды ұзақ ұзап, / Ұзаққа тұзақ тозақ / Болса да түсер өзі-ақ.
- Ұлсынай – ұшқыш ер жүрек, / Ұнайды оған зәулім көк.
- Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты, / Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.
- Ұста еңбек тарланы, / Ұғып алғын бар мәні! / Ұстамасаң балғаны, / Ұстап көрші, ал кәні!
- Ұн тартқан, / Аппақ ұнтақ шынтақтан.
- Ұқыпты бала кітапты түптеп тастады, / Ұқыпсыз бала кітапты бүктеп тастады, / Жұмысын басқаға жүктеп тастады.
- Ұстара, ұстара! / Шаш алуға құштар, ә! / Құштар, ә! / Ұстарада күш бар, ә!
- Үш кіші ішік піштім, / Бес кіші ішік піштім: / Неше кіші ішік піштім?
- Үміт түбіт түтті, / Түбітті түтіп бітті.
- Үйде ойыншық үлегім, / Үлегімді үремін. / Үремін де үнемі, / Үстіне өзім мінемін.
- Үш егізбіз, үш егізбіз, / Асты бірге ішеміз біз.
- Үш кісінің ұшы үшкір, / Үш кісінің ұшы ескі, / Үш ішік тыстадым, / Үш үскі ұштадым.
- Үйір-үйір үйректі, / Үйірге кім үйретті? / Үйір-үйір үйректі, / Үйірге өзім үйреттім.
- Үйрек дәйім тіледі, / Үлгілі үйрек болуды. / Үкімен бірге үнемі, / Үрікпей жүру көңілді.
- Үшкір тұмсық, / Сұр шымшық, / Сордан ұшты / Құрт шымшып. / Үйге кіріп киім ілді, / Сыртта шешіп, үйде киді, / Бірін тастап, бірін киді.
- Үйреншікті істі, / Үйреткішсіз-ақ / Үйреністі.
- Үлгілік – үйретуден, / Үлгерулік – үйретуден, / Үлгілілік – үздіктен, / Үздіксіз үйретуден.
- Хабиба сөмке көтерген, / Хат-хабар күнде әкелген.
- «Хатима мен / Хатипаға,– / Хамит аға,– / Хат жазғын», – деді.
- Шымдай шытырмыш, / Ол шытырмышты / Мен шым-шытырмыштамай / Кім шым-шытырмыштайды?
- Шілікті шаптым, / Жілікті астым. / Шілікті жақтым, / Жілікті шақтым.
- Шөмеленбеген шөпті / Мен шөмелемей, / Кім шөмелейді.
- Шүрегей сүңгігіш пе, / Сүңгуір сүңгігіш пе?
- Шуақтаған ботамды / Шуға апарып шудаладым. / Шудалаған шудасын / Суға салдым, судан алдым, / Суға малдым.
- Шеше, кеше неше есе кесе көп алдыңыз? / Шеше, кеше неше есе кесе кем алдыңыз?
- Шемішке шақсаң шақ, / Шапшаң шақ. / Шөбіңді шапсаң шап, / Шапшаң шап.
- Шаш ал, / Қас алма. / Ас ал, / Қасарма!
- Шапанымда сан қалтам бар, / Қай қалтамда сары малтам бар? / Малтам жалғыз, қалтам сансыз, / Тапқан алсын, малтам даусыз.
- Шахматшы болсаң келе ғой, / Шоқанды қане, жеңе ғой.
- Шалабай шыли шалағай, / Шалағай шыли Шалабай. / Шақша басы шарадай, / Шаладай шала Шалабай.
- Шеше, шеше, / Неше кесе / Сынды кеше?
- Шәугімдегі шай қайнады ма? / «Шай қайнады!» – деп, / Шешем айқайлады ма?
- Шалғы саптап, / Шөп шап. / Шөп шапсаң, көп шап. / Көп шапсаң, шапшаң шап, / Шапшаң шапсаң, / Шаршап жат.
- Шалабай саба пісті, / Шамалап шала пісті.
- Шырмауық шөп, / Шырмалып кеп / Талға жабысады. / Ошаған, / Тасадан / Малға жабысады.
- Шалшық, балшық, / Балшық, шалшық, / Балшықтан ал шық.
- Шұңғыл, шұңқыр. / Шұңқыр, шұңғыл.
- Шапшаң / Шапсаң, / Бұрқырайды / Ақ шаң.
- Шымдай шытырмыш, / Ол шытырмышты мен / Шытырмыштамай, / Кім шытырмыштайды?
- Шұнақ құлақ лақ / Бұлаққа барды. / Бұлақ жағасындағы / Құраққа барды.
- Шөжем деп шешесі бәйек, / Шешем деп шөжесі бәйек. / Шешесі шөжем жесін дейді, / Шөжесі шешем жесін дейді.
- Шарқ айналар, / Қайралар, / Пышақ қайралар / Көңіл жайланар.
- Шаңқ-шаңқ етіп шағала, / Шабақ ілер жағада.
- Шабдар атты / Шет көрмейді, / Шалабай, / Шауып бірақ, / Шөп бермейді, / Шалағай.
- Шошыттың үш құсты, / Шошынып үш құс ұшты.
- Шабысты ат, / Шалыс шаппас, / Шалыс шапса, / Алыс шаппас.
- Шын еңбекші – өрмекші, / Өрмекші – шын өрмекші.
- Шәйімнің шәй шайнегі мосыдан түспес, / Мосыдан түссе, ащы деп ішпес, / Ащы деп ішсе, ыссы деп ішпес.
- Ши тоқыдым шиеден, / Теңіз кештім түйемен, / Күйме жасап инеден, / Үй тұрғыздым түймеден.
- Шағала көл шетіне қонды, / Қара қарға жол шетіне қонды.
- Шақпақ тасты, / Аппақ тасты / Шақпақшы шал / Шығып, шашты.
- Шалбарын тапса, / Байпағы жоқ. / Байпағын тапса, / Қалпағы жоқ. / Салаққа мұндай / Айтарым жоқ.
- Шапалағы шарт етті, / Алақанда қызыл дақ! / Екінші рет шекесі / Қоя берді дызылдап, / Маса жүрді ызылдап.
- Шешендер шебер, / Шынайы шенер. / Шенелген шіркін, / Шөмпиіп шөгер.
- Шоқ-шоқ гүл шоғыры, / Ақ нұрға шағылып, / Шыққа тұр шомылып.
- Шөпті ішке үйгізші, / Күрішті де түйгізші.
- Шықса шыңға / Шыршалар шаншылып, / Шүпірлеп шығыпты / Сайға сан шыбық.
- Шымшық шымшықты шымшылады, / Шымшықтар / Тыныштықта тыншымады.
- Шырша сыпырғыштың / Ұшы шырпылсыншы. / Барша сыпырғыштың / Ұшы қырқылсыншы.
- «Ыбырай, Ыбырайдың шымыры-ай! / Денесі де тым ірі-ай!» / Мақтап жүрген Ыбырай, / Мысықтан қорқып зымырай, / Берер зымырай.
- Ықылас пен Жасыбай, / Ыдыстарын тасымай, / Ырыскүлден үлгі алмай, / Ынтасыз жүр тілді алмай.
- Ыңғайсызы, / Ыңғайсыз-ақ, / Амал жоқ, / Тыңдаудай, / Тыңдайсыз-ақ.
- Ысқан ұстаз – ұстаз ұста, / Үш ұстаға ұстаз ұста, / Үш ұстаға жасы тұстас ұста.
- Ықыласты – ынталы, / Ынталы – ықтиярлы, / Ықтиярлы – ықтиятты, / Ықтиятты – ықпалды.
- Ісшіл іссізбен келіспейді, / Істі іссізден тез істейді. / Іске іскер, / Істі іскер істер.
- Ізге түсті Ізмұрат, / Ізмұратты біз бірақ, / Іздеп-іздеп таппадық, / Ізім-қайым қызық-ақ.
- Ізшілер іздесті, / Түз келді, із кесті.
- Іздеп ек бір-бір құр, / Қу екен құр құрғыр. / Таптырмай қырдан құр, / Қайттық біз құрдан-құр.
- Ізденгіш – ізшең, / Ізшең – ісшең, / Ісшең – іскер, / Іскер – ісмер