Бөтен үйге сәлем беріп кірме.
Қазақтың тыйым сөздері
- Беті-қолыңды жуынбай тұрып, малды өріске шығарма.
- Бетіңді басып жылама.
- Босағаға сүйенбе.
- Босағаны керме.
- Бөтен жерге баса көктеп кірме.
- Бөтен үйге рұқсатсыз кірме.
- Буаз малды қуалама.
- Бұтақты сындырма, гүлді үзбе, көкті таптама.
- Бұтыңды ашып отырма.
- Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.
- Бір қолыңмен су құйма.
- Біреуге қарап ерніңді шығарма.