Босағаны керме.
Мағынасы
Қазақ ұғымында әйел мен ер адам үйдің қос босағасы секілді, оны керу — екеуінің арасын суыту деп білген. Бұрындары жаманат хабар алып келген адам ғана есікті керіп тұрып, хабарды жеткізетін болған.
Қазақтың тыйым сөздері
- Бет-аузыңды қисаңдатып отырма.
- Беттеп келе жатқан көп малды бойлай бөліп өтпе.
- Бетті баспа, қолды тарақтама.
- Беті-қолыңды жуынбай тұрып, малды өріске шығарма.
- Бетіңді басып жылама.
- Босағаға сүйенбе.
- Бөтен жерге баса көктеп кірме.
- Бөтен үйге рұқсатсыз кірме.
- Бөтен үйге сәлем беріп кірме.
- Буаз малды қуалама.
- Бұтақты сындырма, гүлді үзбе, көкті таптама.
- Бұтыңды ашып отырма.